Philips DCM2260/12 사용자 설명서

다운로드
페이지 24
2
KK
1  Қауіпсіздік
Мicro music system жүйесін пайдаланудың 
алдында барлық нұсқауларды оқып түсініңіз. 
Нұсқауларды орындау қателігінен ақаулық 
туындаса, кепілдік қолданылмайды.
Мына қауіпсіздік 
таңбаларын біліңіз
  
Бұл «найзағай белгісі» құрылғыдағы ток соғуы 
мүмкін оқшауланбаған материалды көрсетеді. 
Үйдегі барлық адамның қауіпсіздігі үшін өнім 
корпусын алып тастамаңыз. 
«Леп белгісі» жұмыс және техникалық 
қызмет көрсету проблемаларын болдырмау 
үшін берілген ақпарат оқылуы тиіс 
мүмкіндіктерге назар аударуға шақырады. 
АБАЙЛАҢЫЗ: от немесе ток соғу қауіптерін 
азайту үшін осы құрылғы жаңбыр немесе 
ылғал жерде ашық қалмауы және вазалар 
сияқты сұйықтықтармен толтырылған заттар 
оның үстіне қойылмауы тиіс. 
ЕСКЕРТУ! Ток соғу қаупінің алдын алу үшін 
штепсельді толығымен кіргізіңіз. (Полярлы 
штепсельдері бар аймақтар үшін: ток 
соғу қаупінің алдын алу үшін штепсель 
мен саңылаудың жалпақ жақтарын сәйкес 
келтіріңіз.) 
Маңызды қауіпсіздік 
нұсқаулары
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу 
қаупі бар!
•  Өнімге немесе оның қосалқы 
құралдарына жаңбыр немесе су 
тимеуі керек. Өнімнің жанына ваза 
сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды 
қоймаңыз. Өнімге сұйықтықтар 
төгіліп кетсе, оны дереу розеткадан 
ажыратыңыз. Өнімді пайдалану алдында 
тексеріп алу үшін тұтынушыларға қызмет 
көрсету орталығына хабарласыңыз.
•  Өнімді және қосалқы құралдарды оттың 
немесе басқа қызу көздерінің жанына, 
соның ішінде тікелей күн сәулесіне 
қоймаңыз.
•  Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе 
басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
•  Желі істікшесі немесе құралды 
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде 
қолданылғанда ажырату құрылғысы 
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
•  Найзағайлы бораннан бұрын өнімді 
розеткадан ажыратып қойыңыз.
•  Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан 
кабелінен емес, әрдайым ашасынан 
тартып суырыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
•  Өнімді қуат көзіне жалғамай тұрып, 
электр кернеуі өнімнің артында 
жазылған мәнге сәйкес келетінін 
тексеріңіз. Егер кернеу басқа болса, 
өнімді розеткаға қосушы болмаңыз.
•  Қашықтан басқару құралын немесе 
батареяларды жаңбырға, суға, күн 
сәулесіне немесе тым көп қызулы 
жерлерге ешқашан шығармаңыз.
•  Қуат розеткасына қатты күш салмаңыз. 
Бос тағылған қуат розеткасы күюге 
немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Жарақаттану немесе өнімге зақым келу 
қауіпі бар!
•  Тек пайдаланушы нұсқаулығындағы 
тізімде берілген қуат көздерімен 
қолданыңыз.
•  Ашық жағдайда көрінетін және 
көрінбейтін лазерлік сәулелену. Радио 
сәулелерін шығаруына жол бермеңіз.