Philips DTB297/10 Manual Do Utilizador

Página de 22
13
Қазақша
KK
5  Радио тыңдау
Ескертпе
 
Қабылдау сапасын жақсарту үшін антеннаны 
толығымен шығарып, оның орналасуын реттеңіз 
немесе сыртқы антеннаны қосыңыз.
 
Бұл өнім MW (орташа толқын) радиосын 
қабылдауды қолдамайды.
 
Ең көбі 20 DAB радиостанциясын және 20 FM 
радиостанциясын бағдарламалауға болады.
 
Аймағыңыздағы қолданыстағы DAB радио 
жиіліктерін білу үшін жергілікті сатушыға 
хабарласыңыз немесе www.WorldDAB.org торабына 
өтіңіз.
 
RDS радиостанциялары туралы қосымша ақпарат алу 
үшін «Product information» (Өнім туралы ақпарат) 
> «RDS program types» (RDS бағдарлама түрлері) 
бөлімін қараңыз.
DAB радиостанцияларын 
автоматты түрде сақтау
Ешқандай DAB радиостанция сақталмаса, 
бұл өнім DAB радиостанцияларын іздеп, 
автоматты түрде сақтай алады.
DAB көзін таңдау үшін SOURCE 
түймесін қайталап басыңыз.
 
»
[FULL SCAN] (толық іздеу) дисплей 
панелінде жүреді.
Автоматты орнатуды бастау үшін OK/ 
 түймесін басыңыз.
 
»
Бұл өнім жеткілікті сигнал күші бар 
DAB радиостанцияларын автоматты 
түрде сақтайды.
 
»
Барлық қол жетімді DAB 
радиостанциялары сақталғаннан 
кейін бірінші сақталған DAB 
радиостанциясы автоматты түрде 
таратылады.
Негізгі әрекеттер
Қосымша функциялар үшін төмендегі 
нұсқауларды орындаңыз.
Төменірек/жоғарырақ жиіліктегі 
сигнал күші жеткілікті келесі FM 
радиостанциясына реттеу:
Автоматты іздеуді бастау үшін TUNING +/- 
 /   түймесін басып тұрыңыз.
Белгілі бір жиіліктегі FM 
радиостанциясына реттеу:
Жиілік сандары көрсетілгенше TUNING +/- 
 /   түймесін қайталап басыңыз.
FM радиостанцияларын автоматты түрде 
бағдарламалау:
Автоматты бағдарламалауды бастау үшін 
SCAN/PROG/   түймесін басыңыз.
DAB радиостанцияларын автоматты түрде 
бағдарламалаңыз:
Автоматты іздеу мен бағдарламалауды 
бастау үшін SCAN/PROG/   түймесін 
басыңыз.
Радиостанцияларды қолмен бағдарламалау:
1) Радиостанцияға реттеу.
2) Бағдарламалауды белсендіру үшін 
SCAN/PROG/   түймесін басыңыз.
3) Радиостанцияға реттік сан тағайындау 
үшін PRESET +/-   /   түймесін басыңыз.
4) Растау үшін OK/ 
 түймесін басыңыз.
5) Қосымша радиостанцияларды 
бағдарламалау үшін 1-4-ші қадамдарды 
қайталаңыз.
Алдын ала орнатылған радиостанцияға 
реттеу:
PRESET +/-   /   түймесін қайталап 
басыңыз.
Дыбыс режимін FM радиосы 
үшін[STEREO] (стерео) және [MONO] 
(моно) арасында ауыстыру:
OK/ 
 түймесін қайталап басыңыз.
Ағымдағы радиостанция туралы қол 
жетімді ақпаратты көрсету:
MENU/INFO/SET TIME/   түймесін 
қайталап басыңыз.