Philips DS9860W/10 Manual Do Utilizador

Página de 32
28 KK
 • Үйдегі маршрутизатордың SSID аты бос 
орынсыз немесе енгізілген %/#/* сияқты 
арнайы таңбаларынсыз әріп-сандық 
таңбаларын қамтитынын тексеріңіз.
 • Параметр мәзіріндегі 'Philips_Install 
XXXXXX' AirPlay құрылғысының атын 
өзгертуді таңдасаңыз, арнайы таңбалар 
мен белгілерді пайдаланбаңыз.
 • Wi-Fi маршрутизаторларының кейбір 
жаңа түрлері үшін қосылымға арналған 
WPS пайдалану кезінде желі ату (SSID) 
автоматты түрде жасалуы мүмкін. Әдепкі 
желі атын (SSID) әрқашан әріп-сандық 
таңбалардан тұратын қарапайым атқа 
өзгертіп, желіңізді қауіпсіз ету үшін Wi-Fi 
қауіпсіздік режимін өзгертіңіз.
AirPlay әуенін ойнатуды кездейсоқ үзу
Келесілердің бірін немесе барлығын 
орындаңыз:
 • <Құралды> Wi-Fi маршрутизаторына 
жақынырақ етіп жылжытыңыз.
 • <Құрал> мен Wi-Fi маршрутизаторы 
арасындағы кез келген кедергіні алып 
тастаңыз.
 • Жақын Wi-Fi желісі арқылы қабаттасатын 
Wi-Fi каналын қолданбаңыз.
 • Желі жылдамдығының жетерліктей 
жылдам болуын тексеріңіз (бірнеше 
құрылғылар бірдей маршрутизаторды 
қолданатын жағдайда, AirPlay жұмысына 
кедергі келтірілуі мүмкін). Үйдегі 
маршрутизаторға қосылған басқа 
құрылғыларды өшіріңіз.
 • Қызмет мөлшері (QoS) параметрін 
қосыңыз (Wi-Fi маршрутизаторында қол 
жетімді болса).
 • Басқа Wi-Fi маршрутизаторларын 
өшіріңіз.
Менің iTunes тасымалдауыш құрылғымда 
AirPlay белгішесі жоқ
 • <Құралдың> үйдегі Wi-Fi желісіне 
бұрыннан қосылғанын тексеріңіз.
 • iTunes мүмкіндігін ашпас бұрын, дербес 
компьютерде Bonjour қызметін 
қосқаныңызды тексеріңіз. Windows 
XP жүйесін алайық, мысалы: қызметті 
қосу үшін Бастау->Басқару тақтасы 
тармақтарын таңдап, Әкімшілік 
құралдары-> Қызметтер->Bonjour 
қызметі түймелерін екі рет нұқып, одан 
кейін қалқыма мәзірде ОК параметрінен 
кейінгі Бастау пәрменін таңдаңыз.
 • Ақаулық сақталса, <құралды> қайта іске 
қосыңыз.
AirPlay қосылымы Mac немесе PC 
компьютеріне қосылмады
 • Мазмұнды ойнату үшін AirPlay 
қолданатын порттарды блоктамайтынын 
тексеру үшін, желіаралық қалқанды 
және қауіпсіздік бағдарламалық құралын 
уақытша ажыратыңыз. AirPlay арқылы 
қолданылатын порттарды блоктан 
шығару жолын желіаралық қалқан 
мен қауіпсіздік бағдарламалық құралы 
бойынша анықтама құжатынан қараңыз.
 • AirPlay үшін iPod Touch/iPhone/iPad/Mac/
PC құралын қолданғанда, әуенді ойнату 
үзілсе не тоқтатылса, iPod Touch/iPhone/
iPad, iTunes құралын немесе <құралды> 
қайта іске қосуға әрекет жасап көріңіз.
 • Бейнені ойнату немесе FTP жүктеулері 
маршрутизаторды шамадан тыс жүктеуі 
мүмкін және AirPlay әуенін ойнату 
кезінде кедергілер келтіруі мүмкін. 
Маршрутизатордың жүктемесін азайтуға 
әрекет жасаңыз.