Philips AJ7030D/12 Manual Do Utilizador

Página de 19
16 KK
9  Ескерту
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген 
құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер 
немесе түрлендірулер пайдаланушының 
жабдықты пайдалану құқығынан айыруы 
мүмкін.
     
Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио 
кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
  
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға 
болатын жоғары сапалы материалдар мен 
бөлшектерден жасалған. 
  
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс 
жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымның 
Еуропалық 2002/96/EC нұсқауына сәйкес 
оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды 
қоқысқа лақтыру жергілікті ережелерімен 
танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген 
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай, жеке 
лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі бұйымыңызды 
қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және 
адам денсаулығына кері әсерін тигізуден 
сақтайды.
  
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық 
директивасына сәйкестендірілген 
қондырылған қайта жандандыруға болатын 
батарея бар, оны кәдімгі тұрмыстық қалдық 
ретінде лақтыруға болмайды.Батареяларды 
қоқысқа тастау жергілікті ережелерімен 
танысып алыңыз. Себебі бұйымдарды 
қоқысқа лақтыру ережелерін сақтау қоршаған 
ортаға және адам денсаулығына көрсететін 
кері әсерлерден сақтайды.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып 
тасталған. Біз орамды үш материалға оңай 
ажыратылатын етіп жасауға тырыстық: 
картон (қорап), көбік полистирол (буфер) 
және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік 
орауышы.) 
Жүйе мамандандырылған компания 
тарапынан бөлшектенген жағдайда 
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын 
материалдардан тұрады. Орауыш 
материалдар, ресурсы біткен батареялар 
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты 
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
 
«iPod үшін жасалған» және «iPhone үшін 
жасалған» электрондық қосалқы құралдың 
арнайы iPod немесе iPhone құрылғысына 
қосылу үшін жасалғанын, сәйкесінше Apple 
өнімділік стандарттарына сәйкес келу үшін 
әзірлеуші тарапынан куәландырылғанын 
білдіреді. Apple компаниясы бұл құрылғының 
жұмысына немесе оның қауіпсіздік және 
нормалық стандарттарға сәйкестігіне 
жауапты емес. Осы қосалқы құралды iPod 
немесе iPhone құрылғысымен пайдалану 
сымсыз жұмысқа әсер етуі мүмкін екендігін 
ескеріңіз.
iPod және iPhone — Apple Inc. 
корпорациясының АҚШ-та және басқа 
елдерде тіркелген сауда белгілері. 
Ескертпе
 
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.