Philips AJ7030D/12 Manual Do Utilizador

Página de 19
2
KK
1  Маңызды 
ақпарат
Қауіпсіздік
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
•  Осы нұсқауларды оқыңыз.
•  Осы нұсқауларды сақтап қойыңыз.
•  Барлық ескертулерді ескеріңіз.
•  Барлық нұсқауларды орындаңыз.
•  Бұл құрылғыны судың жанында 
қолданбаңыз.
•  Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
•  Желдету саңылауларын бітемеңіз. 
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес 
орнатыңыз.
•  Радиаторлар, жылытқыштар, пештер 
немесе жылу шығаратын басқа 
құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер) 
сияқты жылу көздеріне жақын 
орнатпаңыз. 
•  Қуат сымын, атап айтқанда, ашаларынан, 
розеткаларынан және құрылғыдан 
шығып тұрған жерінен басылып немесе 
қысылып қалудан қорғаңыз.
•  Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
•  Тек өндіруші көрсеткен немесе 
құрылғымен бірге сатылатын арбашамен, 
тірекпен, үштағанмен, кронштейнмен 
немесе үстелмен бірге пайдаланыңыз. 
Арбаша пайдаланылғанда, арбаша/
құрылғы екеуін жылжытқанда аударылып 
кетіп жарақат алмау үшін сақ болыңыз. 
 
•  Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт 
қолданылмағанда, бұл құрылғыны ток 
көзінен ажыратыңыз. 
•  Барлық қызмет көрсету жұмыстарын 
білікті қызмет көрсетуші мамандарға 
істетіңіз. Құрылғының қуат сымы немесе 
штепсельдік ұшы зақымдалған болса, 
оған су тиіп немесе үстіне заттар түсіп 
кеткен болса, аппаратқа жаңбыр немесе 
ылғал заттар тисе, ол дұрыс жұмыс 
істемей тұрса немесе құлап қалған және 
тағы да басқаша зақымдалған болса, 
қызмет көрсетуді қажет етеді.
•  Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ 
- Батарея ағып, нәтижесінде дене 
жарақатының, мүліктің бүлінуінің немесе 
құрылғының бүлінуін болдырмау үшін: 
•  Барлық батареяларды + 
және - полюстерін құрылғыда 
белгіленгендей дұрыстап алыңыз. 
•  Батареяларды араластырып 
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа 
немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
•  Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған 
кезде батареяларды шығарып 
алыңыз.
•  Құрылғыға сұйықтық тамшыламауы 
немесе шашырамауы тиіс. 
•  Құрылғының үстіне қандай да бір қауіп 
көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған 
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз. 
•  Direct Plug-in адаптерінің ашасы ажырату 
құрылғысы ретінде пайдаланылатын 
жерде, ажырату құрылғысы пайдалануға 
дайын болып қалуы керек.
•  Тек пайдаланушы нұсқаулығындағы 
тізімде берілген қуат көздерімен 
қолданыңыз.