Philips ORT7500/10 Manual Do Utilizador

Página de 24
15
KK
8  Дыбысты 
Bluetooth 
функциясы 
арқылы ойнату
Бұл өнімнің көмегімен Bluetooth 
ойнатқышынан дыбыс ағынын алуға болады.
Philips DigitalRadio қолданбасы Apple 
App Store және Google Play сайттарында 
қол жетімді. Осы өнімнің мүмкіндіктерін 
толығымен пайдалану үшін қолданбаны 
жүктеңіз және смарт құрылғыңызға 
орнатыңыз.
Ескертпе
 
Philips компаниясы барлық Bluetooth 
құрылғыларымен үйлесімділікке кепілдік бермейді.
 
Құрылғыны осы жүйемен жұптастырудың алдында 
Bluetooth үйлесімділігіне арналған пайдаланушы 
нұсқаулығын оқыңыз.
 
Өнім ең көбі 4 жұптасқан құрылғыны сақтай алады.
 
Құрылғыдағы Bluetooth функциясы қосулы 
екенін және құрылғыңыз барлық басқа Bluetooth 
құрылғыларына көрінетіндей орнатылғанын 
тексеріңіз.
 
Осы жүйе мен Bluetooth құрылғысы арасындағы 
жұмыс ауқымы шамамен 10 метр (30 фут).
 
Осы жүйе мен Bluetooth құрылғысының арасындағы 
кез келген кедергі жұмыс ауқымын қысқартуы 
мүмкін.
 
Кедергі келтіруі мүмкін кез келген басқа электр 
құрылғысынан алыс ұстаңыз.
Ескертпе
 
 /   Егер қосылған Bluetooth құрылғысы Дыбысты 
Таратудың Кеңейтілген Профилін (A2DP) қолдаса, 
жүйе арқылы құрылғыда сақталған жолдарды 
тыңдауға болады. 
 
Сондай-ақ, құрылғы Дыбыс/Бейне құрылғыларын 
қашықтан басқару профилін (AVRCP) қолдаса, бұл 
өнімдегі ойнатуды басқаруға болады.
 
Егер қосылған құрылғы AVRCP мүмкіндігін қолдамаса, 
қосылған құрылғыда ойнатуды басқарыңыз.
Өнімді BT режиміне ауыстыру үшін 
SOURCE тұтқасын бұрыңыз.
 
»
Егер ешбір Bluetooth құрылғысы 
қосылмаған болса, [Bluetooth No 
Connection] (Bluetooth қосылымы 
жоқ) жылжиды.
Құрылғыда Bluetooth құрылғыларын 
іздеңіз. Құрылғылар тізімінде ORT7500 
құрылғысын таңдаңыз.
•  Егер ORT7500 құрылғысымен 
Bluetooth қосылымына рұқсатты 
сұрайтын хабар көрсетілсе, оны 
растаңыз.
 
»
Егер қосылым сәтті орнатылса, 
өнімнің СК дисплейінде [BT 
Connected] көрсетіледі.
Қосылған құрылғыдағы жолды 
ойнатыңыз.
•  Ойнатуды кідірту немесе жалғастыру 
үшін 
 түймесін басыңыз. 
•  Алдыңғы немесе келесі файлға өту 
үшін   /   басыңыз.