Philips ORT7500/10 Manual Do Utilizador

Página de 24
18 KK
12 Ақаулықтарды 
жою
Абайлаңыз
 
Өнімнің сыртқы қабатын алуға болмайды.
Кепілдік жарамдылығын сақтау үшін өнімді 
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. 
Бұл өнімді пайдалану кезінде мәселелер 
орын алса, қызмет көрсету орталығынан 
сұраудан бұрын төмендегі тармақтарды 
тексеріп шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, 
Philips веб-бетіне (www.philips.com/support) 
өтіңіз. Philips компаниясына хабарласқанда, 
өнімнің жақында болуын және үлгі нөмірі мен 
сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз 
етіңіз.
Жалпы ақпарат
Қуат жоқ
 • АТ қуат сымы дұрыс жалғанғанын 
тексеріңіз.
 • АТ розеткасында қуаттың бар екендігін 
тексеріңіз.
Дыбыс жоқ
 • Дыбыс деңгейін реттеңіз.
 • Сыртқы құрылғыны тыңдау кезінде 
сыртқы құрылғының дыбысы 
өшірілмегенін тексеріңіз.
Өнімнен жауап жоқ
•  Қуат қол жетімді екенін тексеріңіз.
•  Өнімді өшіріңіз де, қайтадан қосыңыз.
Нашар радио сигналын қабылдау
 • Басқа электр құрылғылардан болатын 
кедергіге немесе ғимарат кедергілеріне 
байланысты сигналдар әлсіз болып 
қалады. Өнімді кедергі жоқ орынға 
жылжытыңыз.
 • Антенна толығымен ұзартылғанын 
тексеріңіз. Антеннаның орнын реттеңіз.
Сағат параметрі өшірілген.
•  Қуат үзілген немесе АТ қуат адаптері 
ажыратылған.
•  Сағатты қайта орнатыңыз.
Bluetooth қосылымы туралы
Тіпті Bluetooth қосылымы сәтті орнағаннан 
кейін де осы өнімде музыка ойнату мүмкін 
емес.
 • Құрылғыны осы өніммен музыка ойнату 
үшін пайдалану мүмкін емес. 
Bluetooth функциясы қосылған құрылғымен 
байланыс орнағаннан кейін дыбыс сапасы 
нашар.
 • Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны 
осы өнімге жақын орналастырыңыз 
немесе олардың арасындағы барлық 
кедергілерді алып тастаңыз.
Осы өнімге қосылу мүмкін емес.
 • Құрылғы бұл өнімге қажетті 
профильдерді қолдамайды. 
 • Құрылғының Bluetooth функциясы 
қосылмаған. Бұл функцияны қосу әдісі 
туралы анықтама алу үшін құрылғының 
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
 • Бұл өнім жұптастыру режимінде емес. 
 • Бұл өнім басқа Bluetooth функциясын 
қолдайтын құрылғымен қосылып 
қойылған. Бұл құрылғыны ажыратып, 
әрекетті қайталаңыз.
Жұптасқан мобильді құрылғы тұрақты 
қосылып ажырайды.
 • Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны 
осы өнімге жақын орналастырыңыз 
немесе олардың арасындағы барлық 
кедергілерді алып тастаңыз.
 • Қоңырау шалғанда немесе аяқтағанда, 
кейбір ұялы телефондар үнемі қосылып 
ажырауы мүмкін. Бұл осы өнімнің 
бұзылғанын білдірмейді.