Philips ORT7500/10 Manual Do Utilizador

Página de 24
2
KK
1  Қауіпсіздік
Өнімді қолданар алдында барлық 
нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. 
Нұсқауларды орындау қателігінен ақаулық 
туындаса, кепілдік қолданылмайды.
 
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу 
қаупі бар!
•  Өнімге немесе оның қосалқы 
құралдарына жаңбыр немесе су 
тимеуі керек. Өнімнің жанына ваза 
сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды 
қоймаңыз. Өнімге сұйықтықтар 
төгіліп кетсе, оны дереу розеткадан 
ажыратыңыз. Өнімді пайдалану алдында 
тексеріп алу үшін, Philips компаниясының 
тұтынушыларға қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз.
•  Өнімді және қосалқы құралдарды оттың 
немесе басқа қызу көздерінің жанына, 
соның ішінде тікелей күн сәулесіне 
қоймаңыз.
•  Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе 
басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
•  Желі істікшесі немесе құралды 
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде 
қолданылғанда ажырату құрылғысы 
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
•  Найзағайлы бораннан бұрын өнімді 
розеткадан ажыратып қойыңыз.
•  Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан 
кабелінен емес, әрдайым ашасынан 
тартып суырыңыз.
•  Өнімнің сыртқы қабатын алуға болмайды.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
•  Өнімді қуат көзіне жалғамай тұрып, 
электр кернеуі өнімнің артында 
жазылған мәнге сәйкес келетінін 
тексеріңіз. Егер кернеу басқа болса, 
өнімді розеткаға қосушы болмаңыз.
•  Өнімге ешқашан жаңбырдың, күн 
сәулесінің немесе артық қызудың әсерін 
тигізбеңіз.
•  Қуат розеткасына қатты күш салмаңыз. 
Бос тағылған қуат розеткасы күюге 
немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Жарақаттану немесе өнімге зақым келу 
қауіпі бар!
•  Өнімге сұйықтық тамшыламауы немесе 
шашырамауы тиіс!
•  Өнімнің үстіне қандай да бір қауіп 
көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған 
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
•  Өнімді немесе басқа заттарды 
қуат сымдарының немесе электр 
жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
•  Өнім 5 °C градустан төмен 
температурада тасымалданған болса, 
оны қаптамасынан шығарыңыз да, 
розеткаға жалғамай тұрып, бөлме 
температурасына дейін жылынуын 
күтіңіз.
•  Тек өндіруші көрсеткен қосымша/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
•  Бұл өнімді тар жерде орнатуға 
болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің 
айналасында міндетті түрде кемінде 10 
сантиметр орын қалдырыңыз. 
•  Өнімдегі желдеткіш тесіктердің 
перделермен немесе басқа заттармен 
жабылып қалмауын қадағалаңыз.
Ескертпе
 
Түр тақтасы өнімнің артқы жағында орналасқан.