Philips AJ3500/12 Manual Do Utilizador

Página de 16
6
KK
3  Жұмысты 
бастау
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті 
бойынша орындаңыз.
Батареяны салу
Абайлаңыз
 
Жарылу қаупі бар! Батареяларды қызудан, 
күн сәулесінен немесе оттан аулақ ұстаңыз. 
Батареяларды отқа тастамаңыз.
 
Батареяда химиялық заттар бар, сондықтан оларды 
дұрыс тастау керек.
 
Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі бар. 
Дәл сондай немесе соған тең түрімен ауыстырыңыз.
 
Балаларды батареядан аулақ ұстаңыз.
Ескертпе
 
Қуат көзі ретінде тек айнымалы ток қуатын 
пайдалануға болады. 
 
Қуат ажыратылған кезде дисплейдің артқы жарығы 
өшеді. 
 
Алдын ала орнатылған литий CR2032 батареясымен 
сағат параметрлерінің сақтық көшірмесін жасауға 
болады.
 көрсетілгенде батареяны көрсетілгендей 
ауыстырыңыз. 
 
 
Қуатты қосу
Ескерту
 
Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат кернеуі радиосағаттың 
артқы немесе түп жағында басылған кернеуге сәйкес 
келетінін тексеріңіз.
 
Ток соғу қаупі бар! Айнымалы ток адаптерін 
ажыратқанда, ашаны әрқашан розеткадан суырыңыз. 
Сымды ешқашан тартпаңыз.
 
Қосу және орнату
Радиосағатта «қосу және орнату» мүмкіндігі 
бар. Қуат қосылғанда сағат автоматты түрде 
орнатылады.
Уақыт белдеуін таңдау
Радиосағаттың уақыты жергілікті уақытқа 
сәйкес екенін тексеріңіз. Олай болмаса, 
уақыт белдеуінің параметрлерін орынға сай 
реттеңіз.