Philips HTL5140B/12 Manual Do Utilizador

Página de 22
12 KK
Ескертпе
 
Музыка ағыны құрылғы мен SoundBar жүйесі 
арасындағы қабырға, құрылғыны жабатын металл 
корпус немесе бірдей жиілікте жұмыс істейтін жақын 
жердегі басқа құрылғылар сияқты кедергілерден 
үзілуі мүмкін.
 
SoundBar жүйесін басқа Bluetooth құрылғысымен 
қосқыңыз келсе, қазіргі уақытта қосылған Bluetooth 
құрылғысын ажырату үшін қашықтан басқару 
құралындағы   түймесін басып тұрыңыз.
NFC арқылы Bluetooth қосу
NFC (жақын арадағы байланыс) мобильді 
телефондары сияқты NFC-қосылған 
құрылғылары арасындағы қысқа ауқымды 
сымсыз байланысты іске қосатын технология 
болып табылады.
Қажетті әрекеттер
•  NFC функциясы бар Bluetooth 
құрылғысы.
•  Жұптастыру үшін NFC құрылғысын 
SoundBar жүйесінің NFC белгісіне 
тигізіңіз.
Bluetooth құрылғысындағы NFC іске 
қосыңыз (мәліметтер үшін құрылғының 
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
SoundBar дыбыстық сигнал шығарғанда 
NFC құрылғысын SoundBar жүйесінің 
NFC тегіне тигізіңіз.
•  Алғаш рет қосқанда кейбір мобильді 
құрылғыларда жұптау туралы сұрау 
хабары пайда болады, қосылымды 
орнату үшін «YES» (Иә) жауабын 
таңдаңыз.
 
»
Bluetooth қосылымы сәтті 
орнатылғанда, дисплей панелінде BT 
көрсетіледі.
 
»
Қосылым сәтсіз орнатылғанда, 
дисплей панелінде BT үздіксіз 
жыпылықтайды.
NFC құрылғысында дыбыс файлдарын 
немесе музыканы таңдап, ойнатыңыз.
•  Қосылымды үзу үшін қайтадан NFC 
құрылғысын SoundBar жүйесінің NFC 
тегіне тигізіңіз.
MP3 ойнатқышы
Дыбыстық файлдарды немесе музыканы 
ойнату үшін MP3 ойнатқышын қосыңыз.
Қажетті әрекеттер
•  MP3 ойнатқышы.
•  3,5 мм стерео дыбыстық кабелі.
3,5 мм стерео дыбыстық кабелін 
пайдаланып MP3 ойнатқышын SoundBar 
жүйесіндегі AUX IN қосқышына 
қосыңыз.
Қашықтан басқару құралындағы AUX 
түймесін дисплей панелінде AUDIO IN 
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
Дыбыстық файлдарды немесе музыканы 
таңдау және ойнату үшін MP3 
ойнатқышындағы түймелерді басыңыз.
USB жад құрылғылары
MP3 ойнатқышы және USB флэш жады, т.б. 
сияқты USB сақтау құрылғысындағы дыбысты 
тыңдаңыз.
Қажетті әрекеттер
•  FAT немесе NTFS файлдық жүйелерімен 
пішімделген және көлемдік жад 
сыныбына үйлесімді USB жад құрылғысы
•  USB сақтау құрылғысындағы MP3 немесе 
WMA файлы
USB жад құрылғысын осы өнімге 
қосыңыз.
Қашықтан басқару құралындағы USB 
түймесін басыңыз. 
Ойнатуды басқару үшін қашықтан 
басқару құралын пайдаланыңыз.