Philips HTL5140B/12 Manual Do Utilizador

Página de 22
2
KK
1  Маңызды 
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық 
нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер 
нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе, 
кепілдік қолданылмайды.
Қауіпсіздік
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу 
қаупі бар!
•  Өнімге немесе оның қосалқы 
құралдарына жаңбыр немесе су тимеуі 
керек. Өнімнің жанына ваза сияқты 
сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз. 
Өнімге сұйықтықтар төгіліп кетсе, оны 
дереу розеткадан ажыратыңыз. Өнімді 
пайдаланбастан бұрын оны тексеріп алу 
үшін тұтынушыларға қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз.
•  Өнімді және қосалқы құралдарды оттың 
немесе басқа қызу көздерінің жанына, 
соның ішінде тікелей күн сәулесіне 
қоймаңыз.
•  Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе 
басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
•  Желі істікшесі немесе құралды 
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде 
қолданылғанда ажырату құрылғысы 
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
•  Найзағайлы бораннан бұрын өнімді 
розеткадан ажыратып қойыңыз. 
•  Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан 
кабелінен емес, әрдайым ашасынан 
тартып суырыңыз. 
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
•  Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр 
кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге 
сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу 
басқа болса, өнімді розеткаға қосушы 
болмаңыз.
Жарақаттану немесе өнімге зақым келу 
қауіпі бар!
•  Өнімді немесе басқа заттарды 
қуат сымдарының немесе электр 
жабдықтарының үстіне қоймаңыз. 
•  Өнім 5 °C градустан төмен 
температурада тасымалданған болса, оны 
қаптамасынан шығарыңыз да, розеткаға 
жалғамай тұрып, бөлме температурасына 
дейін жылынуын күтіңіз. 
•  Осы өнімнің бөлшектері әйнектен 
жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін 
және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
•  Бұл өнімді тар жерде орнатуға 
болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің 
айналасында міндетті түрде кемінде 10 
сантиметр орын қалдырыңыз. Өнімдегі 
желдеткіш тесіктердің перделер немесе 
басқа заттармен жабылып қалмауын 
қадағалаңыз. 
Ластану қаупі!
•  Батареяларды араластырып 
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа немесе 
көміртек және сілті, т.б.).
•  Батареяны қайта қате салса, жарылыс 
қауіпі туындайды. Дәл сондай немесе 
соған тең түрімен ауыстырыңыз.
•  Батареялардың заряды таусылған немесе 
қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт 
пайдаланылмайтын болса, батареяларды 
шығарыңыз.
•  Ішінде химиялық заттар бар 
болғандықтан, батареяларды дұрыс 
тастау керек. 
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
•  Өнімде/қашықтан басқару құрылғысында 
жұтуға болатын тиынға/түймеге ұқсас 
батарея болуы мүмкін. Барлық жағдайда 
батареяны балалардан аулақ ұстаңыз! 
Жұтылған жағдайда батарея ауыр 
жарақатқа немесе өлімге себеп болуы 
мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі сағат 
ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу қауіпі 
бар.