LG D295 Manual Do Utilizador

Página de 406
41
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер қауіпсіздік опциясын Ашық мәніне орнатсаңыз, 
желідегі қызметтерді басқа адамдардың рұқсатсыз пайдалануының алдын 
алу мүмкін болмайды және қосымша ақы алынуы мүмкін. Рұқсат етілмеген 
пайдалануды болдырмау үшін қауіпсіздік опциясын қосу күйінде сақтауға кеңес 
беріледі.
Wi-Fi Direct
Wi-Fi Direct қолданбасы кіру нүктесінсіз Wi-Fi қосылған құрылғылар арасында 
тікелей байланысты қолдайды. Wi-Fi direct қолданбасы батарея қуатын көп 
пайдаланатындықтан, Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдаланғанда телефонды қуат көзіне 
қосып қою ұсынылады. Wi-Fi және Wi-Fi Directed желісін алдын ала тексеріңіз және 
пайдаланушылар бір желіге қосылғанын тексеріңіз.
USB кабелімен компьютер байланыстары
USB байланыс режимдерінде USB кабелінің көмегімен құрылғыны компьютерге 
жалғау туралы мәліметтер алыңыз. 
MTP режимін пайдаланып музыканы, фотосуреттерді және бейнелерді 
тасымалдау
1  
Телефонды USB кабелі арқылы компьютерге жалғаңыз.
2  
Компьютерден көлемді жад мазмұнын көріп, файлдарды тасымалдауға болады.
Windows Media Player бағдарламасымен синхрондау
Компьютерде Windows Media Player бағдарламасы орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1  
Телефонды Windows мультимедиа ойнатқышы орнатылған компьютерге қосу үшін 
USB кабелін пайдаланыңыз.
2  
Медиа үндестіру (MTP) баптаулар таңдаңыз. Қосылғанда компьютерде 
қалқымалы терезе пайда болады.
3  
Музыка файлдарын синхрондау үшін Windows Media Player бағдарламасын 
ашыңыз.