LG H955 Manual Do Proprietário
![LG](https://files.manualsbrain.com/attachments/ee77646dae7d27898063f2ad99585a7eedae3245/common/fit/150/50/6ca13fe6e2971354bf81a860de34f857dca6461b0d1f494cf2228495db3b/brand_logo.png)
90
Параметрлер
•
Дауыс поштасы – оператордың дауыстық пошта қызметін
таңдауға мүмкіндік береді.
•
Бекітілген теру нөмірлері – телефоннан қоңырау шалуға
болатын нөмірлердің тізімін басқаруға және жасауға мүмкіндік
береді. Бұл үшін оператордан алынатын PIN2 коды қажет
болады. Іске қосылса, телефоннан тек тізімде бекітілген теру
нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.
•
Кіріс қоңырауының қалқымасы – қолданба пайдаланылып
жатқанда кіріс қоңырауының қалқымалы терезесін көрсетеді.
•
Қоңырауды ажырату – қоңырауды қабылдамау функциясын
орнатуға мүмкіндік береді.
•
Хабармен бірге қабылдамау – егер қоңырауды
қабылдамасаңыз, осы функцияны пайдаланып жылдам
хабарлама жіберуге болады. Бұл жиналыс кезінде қоңырауды
қабылдамау керек болған жағдайда пайдаланылады.
•
Қоңырауды бұру – қай кезде қоңыраулардың бағытын
өзгерту керектігін таңдауға мүмкіндік береді.
•
Автоматты жауапшы – қосылған хэндсфри құрылғысы
кіріс қоңырауға автоматты түрде жауап берместен бұрынғы
уақытты белгілейді.
•
Қосылым дірілі – екінші тарап қоңырауға жауап бергенде
телефонды дірілдетеді.
•
Шуды басу – телефонмен сөйлесу кезінде құрылғыдағы
фондық шуды басады.
•
Дауыс тазалығы – анығырақ ести алуыңыз үшін шулы
орталарда дауыс сапасын жақсартады.
•
Белгісіз нөмірлерді сақтау – қоңыраудан кейін белгісіз
нөмірлерді контактілерге сақтау.