LG H650E Guia Do Utilizador
Негізгілер
Негізгілер
44
LG AirDrive
Телефонды басқару үшін компьютерге қосылуға мүмкіндік
береді. Пайдалану алдында компьютерге LG Electronics
веб-сайтынан LG Bridge орнатыңыз. Телефоннан және
компьютерден бірдей LG есептік жазбасымен жүйеге кіру
кезінде LG AirDrive функциясын пайдалануға болады.
1
Ұялы құрылғылардан және компьютерден бір LG есептік
жазбасымен жүйеге кіріңіз.
2
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Ортақтасу
және қосылу > LG Bridge >LG AirDrive тармағын түртіңіз.
3
Компьютердегі LG Bridge қосымшасын іске қосып,
LG
AirDrive опциясын таңдаңыз.
SmartShare
SmartShare функциясы Галерея және Музыка қосымшалары
арқылы мультимедиалық мазмұнды бөлісуге мүмкіндік береді.
SmartShare қосымшасын пайдалану
1
Бөлісу керек мазмұнды көру кезінде >
SmartShare немесе
опциясын түртіңіз.
2
Тізімнен бөлісу керек құрылғыны түртіңіз.
•
Егер құрылғы тізімде көрсетілмесе, құрылғыдағы Wi-Fi,
Wi-Fi Direct немесе Bluetooth функциялары қосулы екенін
тексеріңіз. Содан кейін
ҚАЙТА ҚАРАҢЫЗ опциясын
түртіңіз.
Телефондағы жақын құрылғылар
мазмұнын пайдалану
1
Құрылғыға маңайдағы құрылғыларды қосу үшін
Галерея
және
Музыка қосымшаларындағы Құрылғылар маңында
опциясын түртіңіз.
•
Құрылғы және маңайдағы құрылғылар бірдей Wi-Fi желісіне
қосулы екенін және маңайдағы құрылғыдағы DLNA қызметі
қосулы екенін тексеріңіз.
2
Қосылатын құрылғыны түртіңіз. Құрылғы тізімде жоқ болса,
Жақын арадағы құрылғыларды іздеу опциясын түртіңіз.
3
Байланыс орнатылғаннан кейін құрылғыдағы мазмұнды
пайдалана аласыз.