LG LGD618 Guia Do Utilizador

Página de 403
52
Күрделі баптауларды пайдалану
Көрініс іздегіште қосымша параметрлерді ашу үшін   белгішесін түртіңіз. Камера 
параметрлерін тізімді жылжыту арқылы өзгертуге болады. 
Фотосуретке түсіру үшін келесі сөздердің біреуін айтыңыз: Чиз, Смайл, 
Виски, Кимчи немесе LG.
Суретке кіретін күн жарығының мөлшерін анықтайды және басқарады.
Фокус режимін таңдау үшін түртіңіз.
Сурет ажыратымдылығын таңдайды. Егер жоғары ажыратымдылықты 
таңдасаңыз, файл өлшемі артады, яғни жадта азырақ фотосуреттерді 
сақтауға болады.
ISO рейтингі камераның жарық датчигінің сезімталдығын анықтайды. 
ISO неғұрлым жоғары болса, камера соғұрлым сезімтал болады. Бұл 
жарқылды пайдалану мүмкін емес күңгірт жағдайда пайдалы.
Әртүрлі жарық жағдайларында түс сапасын жақсартады.
Суреттерге тиісті көркем әсерлерді қолданады.
Түсіру түймешігі басылғаннан кейінгі кідірісті орнатады. Бұл суретке 
қосылу үшін қолайлы.
Телефонның орналасқан жеріне негізделген қызметтерін пайдалану үшін 
іске қосыңыз. 
ЕСКЕРТПЕ. Бұл функцияны тек GPS функциясы немесе қосылған желі 
белсенді болғанда қолдануға болады.
Ысырма дыбысын таңдайды.
Түсіру немесе масштаб үшін пайдалануға дыбыс деңгейі пернесін 
орнатыңыз. 
Кескіндерді сақтау үшін жадты таңдаңыз.
Функцияның қалай істейтінін білу үшін анықтамалық нұсқаулықты ашады.
Камера