LG LGH961S Guia Do Utilizador
Негізгілер
53
LG Bridge
LG Bridge — LG мобильді құрылғысында сақталған суреттерді,
музыканы, бейнелерді, құжаттарды, т.б. компьютерде қолайлы
түрде басқаруға көмектесетін қолданба. Сонымен қатар,
контактілер және кескіндер сияқты файлдардың компьютерде
сақтық көшірмесін жасауға немесе ұялы құрылғының
бағдарламалық құралын жаңартуға болады.
ЕСКЕРТПЕ
•
LG Bridge қолданбасын пайдалану жолы бойынша толық
нұсқауларды бағдарламаны орнатып, ашқаннан кейін «Анықтама»
мәзірінен қарай аласыз.
•
Қолданылатын функциялар құрылғыға байланысты әр түрлі болуы
мүмкін.
•
LG бірыңғай USB драйвері — компьютерге LG ұялы телефонын
қосуға қажетті бағдарлама. Ол LG Bridge орнатылғанда автоматты
түрде орнатылады.
LG Bridge мүмкіндіктері
•
Wi-Fi немесе ұялы деректер арқылы компьютерден
телефон мазмұнын басқарыңыз.
•
Ұялы құрылғы деректерінің USB арқылы сақтық көшірмесін
жасаңыз және қалпына келтіріңіз.
•
Ұялы құрылғыңыздың бағдарламалық құралын
компьютерде USB арқылы жаңартыңыз.
LG Bridge бағдарламалық құралын жүктеп
алу
1
www.lg.com сайтына кіріңіз.
2
Іздеу түймесін түртіп, үлгіні іздеу үшін үлгі атын енгізіңіз.
3
Модель туралы ақпаратты таңдап,
ӨТУ түймесін басыңыз.
4
LG Bridge қолданбасын жүктеп алу үшін төмен жылжып,
PC
SYNC қойындысын > Windows немесе Mac OS > ЖҮКТЕП
АЛУ тармағын таңдаңыз.