Redmond RFP-3909 Manual Do Utilizador

Página de 32
23
KAZ
RFP-3909
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бой-
ынша нұсқаулықты мұқият оқыңыз және анықтамалық 
ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз, 
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ 
•  Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды 
пайдалану ережелерін ұстан баудан туындаған 
зақымдар  үшін  өндіруші  жауапкершілікке 
тартылмайды. 
•  Аспап тек тұрмыстық пайдалануға арналған. 
Құрылғының өндірістік немесе кез келген басқа 
пайдаланылуы  бұйымды  дұрыс  пайдалану 
ережелерінің бұзылысы болып табылады. 
•  Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның 
кернеуі  аспап  қоректенуінің  номиналды 
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның 
техникалық  сипаттамасын  немесе  зауыттық 
кестешесін қараңыз). 
•  Аспаптың  тұтынылатын  қуатына  арналған 
ұзартқышты пайдаланыңыз — параметрлердің 
сәйкес  келмеуі  қысқа  тұйықталуға  немесе 
кабельдің тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін. 
•  Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны 
тазалау немесе жылжыту кезінде розеткадан 
ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай, 
ашасынан құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз. 
•  Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу 
көздерінің қасында жүргізбеңіз. Электр бауы 
бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға, 
жиһаздың бұрыштары мен шеттеріне тимеуін 
байқаңыз. 
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: электр қоректену кабелін 
кездейсоқ зақымдасаңыз, кепілдік шарттарына 
сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен қатар 
электр тоғының соғуына әкеліп соқтыруы 
мүмкін. Зақымданған электр бауы сервис-
орталықта  жылдам  ауыстыруды  талап 
етеді. Электр қуат беру сымына зақым келген 
кезде  қауіптілікті  болдырмау  үшін  оны 
әзірлеуші немесе оның агенті, немесе осыған 
ұқсас білікті тұлға ауыстыруы керек. 
•  Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады: