Thomas MOKKO XT 788580/788592 Manual Do Utilizador

Página de 56
Ақауларды жою
Пайда болған ақаулар/қателер
Себебі / жою
Жалпы (барлық функциялар)
Құрал жұмысты бастамайды
•  Электр шнуры, аша мен розетка дұрыс па? 
•  Тексеру алдында ашаны розеткадан ажыратыңыз; жөндеу 
қажет болса, оған құқығы бар мамандар орындауы қажет
•  Құрал қосулы ма? ➔ Тексеріңіз
Шаңды тазалау (құрғақ тазалау)
Сору кезінде шаң шығады
•   Аквасүзгі жүйесі пайдалану бойынша нұсқаулыққа сай 
орнатылған ба? 
•  Лас суға арналған контейнерде су жеткілікті ме? ➔ Тексеріңіз
Сору күші ақырындап азаяды
•  Арнайы гигиеналық сүзгі бітелмеген бе? ➔ Арнайы 
гигиеналық сүзгіні тазалаңыз
•  Қондырғы, сорғыш түтік немесе сорғыш шланг үлкен заттармен 
бітелмеген бе? ➔ Жұмыс кезінде шланг бойы бітеліп қалады, 
қоқысты алып тастаңыз
•  Корпус қақпағы дұрыс жабылған ба? ➔ Тексеріңіз
Сору күші жеткіліксіз
•   Сорғыш келте құбырдағы инжектор бітелмеген бе? ➔ 
Бөлшектеп, тазартыңыз немесе сумен жуыңыз
•  Арнайы гигиеналық сүзгі бітелмеген бе? ➔ Арнайы 
гигиеналық сүзгіні тазалаңыз
•   Қондырғы, сорғыш түтік немесе сорғыш шланг үлкен заттармен 
бітелмеген бе? ➔ Бөлшектеп, тазартыңыз
•  Сору қуатын электрондық реттеу MIN режиміне реттелмеген 
бе? ➔ Сору қуатын MAX режиміне реттеңіз
•  Тұтқадағы сору күшін механикалық реттеуіш ашық емес пе? 
 Тұтқадағы жылжымалы жапқышты жабыңыз
Корпус қақпағының ішкі жағында су 
тамшылары өте көп
•  Аквасүзгі жүйесінде шаң көптеп жиналып қалуы мүмкін➔ 
Аквасүзгі жүйесін тазартып, суды ауыстырыңыз
Пайда болған ақаулар/қателер
Себебі / жою
Дымқыл тазалау
Құрал жұмыс кезінде өшіп қалады
•  Контейнер лас суға толып кеткен емес пе (қалтқы ажыртақыш 
іске қосылды)? ➔ Суды ағызыңыз
•  Құрал көлбеу тұрған жоқ па немесе доғамен жылдам 
жылжытылған жоқ па (қалтқы ажыртақыш іске қосылды)? ➔ 
Құралды тегіс орынға қойып, қайта қосыңыз.
Ауа шығатын құрал саңылауынан 
су шығады
•  Лас суға арналған контейнердегі қалтқы бітеліп қалған жоқ 
па немесе кідіріп қалмады ма, яғни контейнер толып кетіп, 
қалтқы іске қосылмай қалды? ➔ Қалтқы мен контейнерді 
тазалаңыз 
Сору камерасында шалшық су 
пайда болады (бірнеше тамшы - 
қалыпты нәрсе)
•  Тығыздауыш пен тығыздауыш қабаттар қатты ластанған ба?  
 Тазалаңыз
•  Шалпылдаудан қорғайтын қондырма ұмытылып кептеді ме? 
 Тексеріңіз
Лас суға арналған контейнер ерек-
ше көбіктенген
•  THOMAS жуғыш ерітіндісінің фирмалық концентраты 
пайдаланылып жатыр ма? ➔ Ауыстырыңыз
Сорғы қосулы болса да, жуғыш 
сұйықтық келмейді
•  Шашырататын құралған арналған контейнерде жуғыш 
сұйықтық бар ма? ➔ Құйыңыз
•  Шашыратқыш шүмек бітеліп қалмады ма? ➔ Шүмекті аз 
уақытқа жылы суға салып, қатты үрлеңіз
•  Контейнердің байланыстырғыш саңылауы бітелмеді ме? 
 Мүмкін боларлық ластануларды жою үшін таза суға арналған 
контейнерді шығарып алып, контейнердің байланыстырғыш саңылауын 
(таза су контейнері мен корпус арасындағы байланыстыру орны) 
саңылауға арналған қондырғымен мұқият тазалаңыз
Дымқыл тым көп қалады, жуғыш 
сұйықтық нашар сорылады
•   Сору қуатын электрондық реттеу MIN режиміне реттелмеген 
бе? ➔ Сору қуатын MAX режиміне реттеңіз
•   Тұтқадағы сору күшінің механикалық реттеуіші ашық емес пе? 
 Тұтқадағы жылжымалы жапқышты жабыңыз
•  Қондырғы еденге дұрыс жанаса ма?   
 Сору кезінде қондырғыны барынша тігінен қойыңыз
48
THOMAS XT
THOMAS XT