Thomas MOKKO XT 788580/788592 Manual Do Utilizador

Página de 56
Пайдалану бойынша нұсқаулар
•  Орама 
Орама тасымалдау кезінде шаңсорғыштың зақымдалуынан қорғайды. Ол қоршаған ортаға зиянсыз 
материалдардан тұрады, сондықтан қайта өңдеуге болады. Енді қажет емес орама материалын жинақ 
пунктіне тапсыру қажет.
•  Тазартқыш құралдарды пайдаға асыру 
Тазартқыш құралдарды, олардың қалдықтарын немесе лас суға арналған контейнердегі олар ластаған 
суларды пайдаға асыру бойынша ақпарат тазартқыш құралдар өндірушісі берген техникалық төлқұжатта 
көрсетілген.
•  Батареяларды пайдаға асыру 
Пайдаланылған батареяны жергілікті қайталама шикізатты жинау жүйесі арқылы пайдаға асырыңыз.
•  Мерзімі өткен қүрал 
Мерзімі өткен THOMAS XT шаңсорғышын сауда ұйымына немесе қайта өңдеу орталығына тапсыру қажет. 
Құралды бағалы, алдағы уақытта өңдеуге жарамды материалдар бар. Пайдаға асыру бойынша алдағы 
ақпаратты  сауда ұйымынан немесе жергілікті әкімшіліктен алуға болады.
Тұтынушыға қызмет көрсету
Сауда ұйымының сатушысынан THOMAS фирмасының қай қызмет көрсету орталығына хабарласу керектігі 
жөнінде анықтама алыңыз.
Оған THOMAS XT шаңсорғышының фирмалық жапсырмада берілген деректер туралы да хабарлаңыз.
Құралдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жөндеу жұмыстарын, әсіресе ток жүретін бөліктерін 
жөндеуді электрик-мамандар орындауы қажет.
Ақаулар болса, «Совинсервис» ЖШС қызметтік ұйымына, құралды сатып алған сауда ұйымына немесе 
THOMAS зауыттық тұтынушыға қызмет көрсету орталығына тікелей хабарласу қажет.
КЕШЕНДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  мекенжайы:  Алматы қ.,  Гагарин даңғ., 242. Шұғыл желі 
телефоны +7 727 327 25 45.
THOMAS MOKKO XT, THOMAS SKY XT үлгілерінің техникалық деректері
Түрдің белгісі 
788/M
Электр қуаты: 
230 В, 50 Гц
Тұтынатын қуаты: макс. 1700 Вт
Электр шнурының ұзындығы (көлденең қима): 
 
6 м (2×0,75 мм²)
Құрал өлшемдері (Ұ×Е×Б): 
(486×318×306 мм)
Бос құралдың салмағы: шамамен 8 кг
Таза суға арналған контейнер көлемі: 
1,8 литр
Лас суға арналған контейнер көлемі: 
1,9 литр
Геркон датчигі бар электрондық қалтқы ажыратқышымен өшіру
Сенсорлық функционалдық ажыратып қосқышпен қуатты бірқалыпты реттеу (Touchtronik)
Жасалған күні: құралдың төменгі жағында орналасқан фирмалық жапсырманы қараңыз
 
Кат. №: xxxxxxxx      _       _ _         _ 
 
                        
(апта күні) (апталық күн) (жыл)
Пайдалану бойынша нұсқаулар | Тұтынушыға қызмет көрсету | Кепілдік
Кепілдік
Сату-сатып алу келісіміне сай сатушының кепілдік міндеттерінен бөлек, төменде көрсетілген шарттарға сәйкес 
осы құралдың кепілдігін ұсынамыз:
1.   Кепілдік мерзімі 24 айды құрайды – уақытты есептеу алғашқы соңғы тұтынушыға жеткізілген күннен 
басталады. Ол құралды коммерциялық немесе ұқсас пайдалану кезінде 12 айға дейін қысқартылады. 
Кепілдік бойынша шағым айту үшін сауда чегін көрсетуіңіз қажет.
2.   Кепілдік мерзімі аяқталмаған кезде сапасыз жұмыс істеу немесе маериалдың ақаулары секілді жұмыс 
кезіндегі барлық маңызды ақауларды біздің таңдауымызбен ақаулары бар бөлшектерді жөндеу немесе 
оларды ауыстыру арқылы орындаймыз. Ауыстырылған бөлшектер біздің иелігімізге өтеді. Кепілдік әйнек 
немесе пластмассадан жасалған бөлшектеріне, шамдарға берілмейді. Кепілдік мерзімі кезінде болған 
ақаулар туралы тез арада бізге хабарлауыңыз қажет. Жұмыс кезіндегі ақауларды жою үшін бөлшектерді 
ауыстыруға жұмсалған, сондай-ақ кепілдік мерзімі кезінде жұмыс уақытына кеткен шығындар есептелмейді. 
Қызмет көрсету орталығын заңсыз пайдалану кезінде туындаған шығындарды тапсырыс беруші өтейді. 
Тапсырыс берушіде немесе орнату орнында ірі құралдарды ғана жөндеу жұмыстары орындалуы мүмкін. 
Басқа құралдар жақын жердегі қызмет көрсету кеңсесіне, кепілдік жөндеу шеберіне тапсырылуы қажет 
немесе зауытқа жіберу керек.
3.   Құралдың  жұмыс  істеу  құндылығына  және  жарамдылығына  әсер  етпейтін  елеусіз  ақауларға,  судың 
химиялық  және  электрохимиялық  әсер  ету  нәтижесінен  пайда  болған  шығындарға,  сонымен  қатар 
қоршаған ортаның төтенше жағдайларында кепілдік беруге міндетті емес.  Қарапайым тозу, сонымен 
қатар  пайдалану  бойынша  нұсқауларды  орындамау  немесе  құралды  дұрыс  пайдаланбау  нәтижесінде 
пайда болған зақымдарға кепілдік беруге құқығымыз жоқ.
4.   Өкілетті емес адамдар құралды жөндеген кезде кепілдік беру құқығы жойылады.
5.   Кепілдік қызметтер құралдың толығымен немесе орнатылған бөлшектерінің кепілдік мерзімін ұзартуға 
немесе қалпына келтіруге әсер етпейді. Орнатылған бөлшектердің кепілдік мерзімі құралдың кепілдік 
мерзімімен бірге аяқталады. 
6.   Заңмен  жауапқа  тартылмаса,  әсіресе  құралдан  тыс  пайда  болған  шығындармен  байланысты  алдағы 
уақыттағы шағымдар қаралмайды. 
Кепілдік мерзім аяқталған соң біздің тұтынушыға қызмет көрсету қызметтерін ұсынамыз. Құралды сатып алған 
сауда ұйымына немесе біздің қызмет көрсету орталығына тікелей хабарласыңыз.
52
THOMAS XT
THOMAS XT