Polaris PWK 1718 CAL Manual Do Utilizador

Página de 22
 
20 
Қақтан тазарту жөнінде нұсқау: 
 
 
Қақтың  түзілуі  судың  қаттылығына  байланысты.  Қайнауға  арналған  сыйымдылықта  қақ  пен 
тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде  тексеріп, дер кезіне тазарту  қажет. 
 
Шәйнекті  қақтан  жүйелі  түрде,    мүмкіндігінше  айына    1  рет  тазартып  тұрыңыз.  Егер  сіз 
қолданатын су қатты болса, айына 1 реттен жиірек тазартуға кеңес береміз.  
 
Егер  сіздің  шәйнегіңіз    қайнағанға  дейін  сөніп  қалатын  болса,  бұл,  шәйнекті  қақтан  тазарту 
керектігін білдіреді.  
 
Сіздің шәйнегіңізді қақтан тазарту үшін  лимон қышқылының ерітіндісін пайдалануға болады: 
  25г. лимон қышқылын   0,5л. ыстық сумен араластырыңыз. 
  Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз. 
  15 минутқа қалдырыңыз. 
  Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз. 
  Қажетілігіне қарай  тазартуды қайталаңыз.  
 
Немесе сірке суының әлсіз ерітіндісі: 
 
  Бұл үшін  судың 2/3  бөлігін және  сірке суының 1/3 бөлігін араластырады.  
  Осы  қоспаны    қыздыратын  элемент  жабылатындай  етіп,  шәйнекке  құйыңыз,  бірнеше 
рет қайнатыңыз.  
  Шәйнекті таза сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.  
 
 
При  использовании  порошка  для  очистки  от  накипи  всегда  добавляйте  воду.  Никогда  не 
используйте порошок в пустом чайнике. 
 
Никогда не используйте абразивные моющие средства для чистки чайника изнутри. 
 
Сондай-ақ, сіз темірден жасалған шәйнектерді қақтан тазартуға арналған арнайы құралдарды 
пайдалана  аласыз.  Тазарту  құралдардың  қорабында  көзделген  өндірушінің  кеңесін 
басшылыққа алыңыз. 
 
Кофе  қайнатқыштарды  және  бумен  істейтін  үтіктерді  қақтан  тазартуға  арналған  құралдар  
Сіздің POLARIS шәйнегіңізге жарамайды және оларды қолданған жағдайда, шәйнекті бүлдіруі 
мүмкін. 
 
Қақтан  тазартуға  арналған  ұнтақты    пайдаланғанда    қашанда  су  қосыңыз.  Бұл  құралды  суы 
жоқ шәйнекке ешқашан салып, қолданбаңыз. 
 
 
Сүзгіні ауыстыру 
 
Назар  аударыңыз!  Сүзгіні  алғанда  немесе  орнатқанда  шәйнек    сөніп  тұруы  және  желіден 
ажыратылуы тиіс. Шәйнектің ішіндегі судың бәрін төгіңіз және толығымен суығанша күтіңіз.  
 
 
Шәйнектің қақпағын ашыңыз.. 
 
Сүзгі шәйнек шүмегінің  алдыңғы жағында орналасқан. 
 
Сүзгіні  тазарту  үшін  оны  шәйнектің  шүмегі  жағынан  ортасын  сәл  басып,  шәйнектен  алып 
шығыңыз (тордың үстін баспаңыз!).  
 
Сүзгіні ағып тұрған судың  астына қойып,  жұмсақ қылшақтың көмегімен абайлап тазартыңыз 
(жинаққа кірмейді).  
 
Сүзгіні  шәйнекке  орнатқанда  қолыңыз  жақсылап  жуылған  болуы  тиіс.  Қолдың  терісінде 
сабын, крем және т. б. болмауы тиіс, себебі бұл  суға жағымсыз дәм беруі мүмкін.  
 
Тазартылған  сүзгіні    шәйнектің  шүмегі  жағынан  оның  ортаңғы  бөлігін  басып  (торды 
емес),сондай-ақ, іш жағынан үстіңгі бөлігін басып, сүзгінің үстіңгі бөлігінде орналасқан ілгек 
сыртқы  бетке  ілінетіндей  етіп,      шүмектің  ішінде  орнатылған  науашықтарға  абайлап 
орнатыңыз.