Polaris PWK 1737 CA Manual Do Utilizador

Página de 23
20 
 
 
 
Өрттің  пайда  болуын  алдын-алу,  электр  тогымен  зақымданбау,  құралды  пайдалану 
барысында  жарақаттан  сақтанып,  оны  бүлдірмеу  үшін  құралды  қолдану  барысында 
қауіпсіздіктің  негізгі  шараларын,  сондай-ақ  электр  құрылғыларымен  жұмыс  атқару 
барысында қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқауларды қатаң түрде қадағалаңыз
 
 
7. ОСЫ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР
 
 
 
 
Шәйнекті  тек  қана    суды  жылыту  үшін  қолданыңыз.  Құралды    басқа  сұйықтықпен  
ешқашан толтырмаңыз. 
 
Ешқашан да  суы жоқ шәйнекті қоспаңыз. 
 
Шәйнекті тек таза, ішуге жарамды, салқын суымен толтырыңыз. 
 
Шәйнекті қабырғаға таяу, бөлменің бұрышына, салбырап тұрған тақтайлардың немесе ас үй 
шкафтарының астына  қоймаңыз. 
 
Шәйнекті  тек қана термоберік, құрғақ және тегіс қабатқа  орналастырыңыз.    
 
Шәйнекті max белгісінен асыра және min белгісінен төмен толтырмаңыз. Егер шәйнекке су  
тым көп құйылса, қайнаған кезде су шүмегінен  ағып, шашырап кету мүмкін. 
 
Салбырап тұрған сымдар оқыс оқиғалардың  себепкері болуы мүмкін, әсіресе, егер сымды 
балалар тартқылаған болса. Шәйнекті үстелдің шетінен/жұмыстық қабаттан барынша алыс   
жұмыстық қабатқа қойыңыз. 
 
Ешқашан  шәйнекті  қақпақсыз    қолданбаңыз  және    қызу  кезінде  қақпақтың  мұқият 
жабылғанын  қадағалаңыз. 
 
Шәйнек түпқоярда тұрған кезде оған ешқашан су құймаңыз. 
 
Шәйнек жұмыс істеп тұрғанда оны ешқашан қадағалаусыз қалдырмаңыз. 
 
Аталмыш  құралды  қолдануға  қатысты  қауіпсіздіктері  үшін  жауап  беретін  тұлғаның 
нұсқаулығы  жүргізілген  немесе  қадағалау  жүзеге  асырылған  кездерді  есепке  алмағанда, 
білімі  мен  тәжірибесі  жоқ  немесе  жүйке  жүйесінде  немесе  психикалық,  физикалық 
ауытқулары  бар  тұлғалардың  (балаларды  қоса  алғанда)  қолдануына  арналмаған.  
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз. 
 
Шәйнектің сыртқы бөлігінен ұстамаңыз   (қосылғаннан кейін ол қатты қызады), сондай-ақ 
қақпақтан және оның шүмегінен шығып тұрған буға қолыңызды төсемеңіз.   Шәйнекті тек 
тұтқасынан  ұстаңыз. 
 
Шәйнектің ішінде ыстық судың барын есіңізді сақтаңыз, қосымша қорғаныс үшін құралдың 
қақпағын  ашқан  кезде  немесе  суды  шәйнектен  құю  барысында  қолдарыңызды  шәйнектің 
шүмегінен қауіпсіз қашықтықта ұстауға кеңес беріледі. 
 
Суды шәйнектен құю барысында абайлық сақтаңыз. Шәйнектің ішінде ыстық судың барын 
есіңізде ұстаңыз. 
 
Егер шәйнектің сыртқы корпусы және  оның электрмен қоректендіретін түпқояры, желілік 
сымы немесе ашасы ақаулы болса, сондай-ақ, жұмыс барысында қандай  да 
ақаулық 
анықталған жағдайда құралды қолданбаңыз. 
 
Шәйнекті  күннің  жарық  сәулелерінің  тікелей  түсу  аумағында,  сонымен  қатар,  жылу 
көздерінің қасында қоймаңыз (өйткені құралдың сыртқы бөлігі бүлінуі мүмкін). 
 
Қоректендіру түпқоярының электр жалғауына, электр сымға, ашаға немесе ҚОСУ/ӨШІРУ 
ауыстырып-қосқыштағы клавиш пернесіне  судың  тиіп кетпеуін қадағалаңыз. 
 
Бұл шәйнекті өзге электрмен қоректендіру тұпқоярымен қолданбаңыз, сондай-ақ шәйнектің 
электрмен қоректендіру тұпқоярын басқа шәйнекпен пайдалануға тыйым салынады. 
 
Шәйнекті  түпқоярға  орналастыру/алу  барысында    ҚОСУ/ӨШІРУ  ауыстырып-қосқыштағы 
клавиш пернесі  ӨШІРУ белгісінде, яғни жоғары күйінде тұруы тиіс. 
 
Суды қайнатқаннан кейін шәйнектің негізгі  бөлігінде судың аз ғана мөлшері  (1г-ға дейін) 
байқалуы мүмкін, ол құралдың жұмыс істеуі барысында будың суға айналу салдары болып 
табылады және бұл қалыпты нәрсе болып саналады.