Philips BT 7085/15 BEARDTRIMMER Series 7000 Manual Do Utilizador

Página de 172
65
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош 
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану 
үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетінде тіркеңіз. 
Бұл күтімді қажет етпейтін Philips вакуумдық сақалды қырқу триммері 
жаңа технология мен қолдану қолайлығын біріктіреді. Ол сақалыңыз бен 
жақ сақалыңызды қырқу мен пішімдеу үшін өте ыңғайлы.
Құралда қолданылатын вакуумдық жүйе қолдану барысында қырқылған 
шаштарды сорып алып, раковинаны таза ұстауға көмектеседі. Қырқу 
тарағы, өздігінен қайралатын қырқу бөлігі мен 1-18 мм арасындағы шаш 
ұзындығын таңдауға мүмкіндік беретін реттеу сақинасы керемет қырқу 
нәтижелерін береді және уақытты үнемдейді. Эргономикалық пішімі 
құралды ұстауға жағымды және қолайлы етеді.
Барлық түр жинағында триммер тарағы болады. Бұл тарақ қырынбаған 
кейіп жасауға арналған.
BT7085/QT4070 құралында ұзынырақ сақалды тегістеуге 
арналған контур бойымен жылжитын триммер тарағы болады.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1  Алынатын шаш қырқатын бөлік
2  Шаш жиналатын орынның қақпағы
3  Шаш жиналатын орын және сүзгі
4  Реттеу сақинасы ( Дәл реттеу бекітпесі
TM
5  Зарядтау жарығы (тек QT4050 үлгісінде) 
6  Қосу/өшіру түймесі
7  Турбо түймесі (тек BT7085/QT4070 үлгісінде)
8  Құралдың штепсельдік ұшы жалғанатын ұя
9  Сақтау дорбасы (тек BT7085 үлгісінде)
10  Щетка
11  Құралдың штепсельдік ұшы
12  Адаптер 
13  Тасымал бекітпесінің көрсеткіші (тек BT7085/QT4070 үлгісінде)
14  Шаш ұзындығы көрсеткіші (тек BT7085/QT4070 үлгісінде)
15  Заряд деңгейі көрсеткіші (тек BT7085/QT4070 үлгісінде)
16  Триммер тарағы 
17  Контур бойымен жылжитын триммер (тек BT7085/QT4070 үлгісінде)
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып 
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап 
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
 
- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
Абайлаңыз!
 
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның 
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті 
жағдай туғызады.
ҚАЗАҚША