Zanussi ZEE 3921 IXA Manual Do Utilizador

Página de 40
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ _  2
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  3
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  6
Жұмыс жүйесі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  6
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _  _   7
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  7
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  8
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  9
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  10
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
  Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Осы нұсқаулықты өз қауіпсіздігіңіз бен
құрылғыны дұрыс пайдалану үшін,
оны орнатып іске қоспас бұрын мұқият
оқып шығыңыз. Нұсқаулықты əрқашан тіпті
құрылғыны көшірсеңіз не сатсаңыз да
онымен бірге қалдырыңыз.
Пайдаланушылар құрылғының қауіпсіздік
функциясы мен оны іске қосу жолдарын
толық білуге тиіс.
Қауіпсіздікке қатысты жалпы
нұсқаулар
Назарыңызда болсын!
Физиологиялық, сезімдік не қабілет
деңгейі төмен немесе пеш жұмысына
қатысты тəжірибесі мен білімі аз адамдар
(балаларды қоса алғанда) құрылғыны
пайдаланбауға тиіс. Олар құрылғыны
міндетті түрде өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның нұсқауы не қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.
Бұл құрылғы сыртқы таймер арқылы
немесе бөлек қашықтан басқару
пульті арқылы жұмыс істеуге арналмаған.
Бала қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны тек ересек адамдар ғана
қолдана алады. Балалар құрылғымен
ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап
отыру керек.
• Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу жəне жарақат алу қаупі бар.
• Құрылғыны қолдану барысында жəне
қолданып болғаннан кейін суығанша
балаларды алыс ұстаңыз.
Жұмыс кезіндегі сақтық шаралары
• Құрылғыны ең алғаш іске қоспас бұрын
орам материалдарының, жапсырмалары
мен төсем материалдарының барлығын
алыңыз.
• Пісіру алаңдарын əр қолданып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
• Күйіп қалу қауіпі бар! Ас құралдары мен
кастрөл қақпақтарын пісіру алаңына
қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
қаупі бар!
 Қатты ысып кеткен май не
сұйық май жылдам тұтанып кетуі мүмкін.
Дұрыс пайдалану
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
• Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
• Пештің үстіндегі саңылауларға сұйық зат
төгіп алмаңыз
• Пештің үстін ешқашан ыдыссыз
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз! Құрылғыны
коммерциялық мақсатта немесе
кəсіпорындарда немесе көрсетілген
мақсаттан басқа мақсатта қолданбаңыз.
Сонда адамның жарақат алуына немесе
мүліктің бүлінуіне жол бермейсіз.
• Түбінің диаметрі пісіру алаңдарының
өлшемдеріне сай келетін ыдыстарды
ғана қолданыңыз. Шыны плита (егер
болса) қатты қызып, жарылып кету қаупі
бар.
2
 
www.zanussi.com