Candy FET 929 XL JV Manual Do Utilizador

Página de 21
13 KZ
1. 
Жалпы нұсқаулықтар
Духовканы қолдануда жоғарғы нәтижелерге жету үшін аталмыш 
нұсқаулықты  мұқият  оқып  шығыңыз.  Өйткені  бұл  нұсқаулықта 
жабдықты орнату, қолдану, жөндеу және тазалау, сонымен қатар 
пешті  тиімді  қолдану  туралы  маңызды  ескертулер  мен 
нұсқаулықтар  берілген.  Аспапты  қолдану  барысында 
туындайтын кез-келген сұрақтарға жауап алу мақсатында осы 
нұсқаулықты  ұқыптап  сақтаңыз.  Аспапты  орнату  алдында 
төменде  берілген  кестеге  оның  сериялық  нөмірін  жазыңыз, 
өйткені қызмет көрсету орталығымен хабарласар алдында осы 
нөмірді хабарлауыңызға тура келеді.
Аспапты  қораптан  шығарған  соң,  онда  ақау  жоқ  екеніне  көз 
жеткізіңіз.  Кішігірім  болсын  ахау  бар  екені  жайлы  күдік  пайда 
болған  жағдайда  оны  қолданбастан,  бірден  қызмет  көрсету 
орталығымен хабарласыңыз.
Полиэтилен  қапшығы,  пенопласт  бөлшектері  немесе  шегелер 
сияқты  барлық  қаптама  материалдарды  балалардың  қолы 
жетпейтін  жерге  алып  қойғаныңыз  жөн,  өйткені  олар  балалар 
үшін қауіпті болып табылады.
Барлық қол жетімді бөлшектер аспап жұмыс істеп тұрған кезде 
қатты  қызады,  абай  болыңыз  оларға  қолыңызды  тигізбеңіз. 
Пешті алғаш қосқанда өткір иісті түтін пайда болуы мүмкін. Бұл 
духовканың термоқаптағышының бірінші қызуына байланысты 
болады,  және  бұл  қарапайым  құбылыс.  Түтін  шығуы  тоқтаған 
соң,  духовкаға  дайындайтын  тағамды  салуға  болады.  Жұмыс 
барысында  духовка  қатты  қызады,  әсіресе  есіктің  шынысы. 
Сондықтан  жұмыс  істеп  тұрған  духовкаға  балалардың 
жақындауына  тыйым  салыңыз,  әсіресе  гриль  бағдарламасын 
қолданған кезде.
Федералдық  заңның  №261-Ф3  23.11.09  және  РФ  Үкіметінің 
Қаулысы  №1222  31.12.09  ж.,  талаптарына  сәйкес  аталмыш 
тауар  орыс  тілінде  тауардың  классы,  энергетикалық  тиімділігі 
жазылған  арнайы  сипаттамалы  заттаңбамен  белгіленген, 
тұтынушыларға  сатылатын  жерде  ол  аспаптың  алдыңғы 
жағында орналастырылған.
Аспап тағаммен тікелей байланыста болатын бөліктері 
СЕЕ 89/109 нұсқаулықтың бұйрықтарына сәйкес келеді.  
Аспап ЕЕС 73/23 және ЕЕС 89/336, яғни қазіргі таңда   
олардың  орнына  ЕС2006/95  және  2004/108/ЕС 
кезектегі  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізілген  Еуропалық 
нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес келеді.
Бұл  бұйым  Кедендік  Одақтың  төмендегі  техникалық 
регламенттеріне сәйкес келеді:
- КО ТР 004/2011 "Төмен вольтті жабдықтың сәйкестігі 
туралы
-  КО  ТР  020/2011  Техникалық  құралдардың 
электромагниттік үйлесімдігі
Бұйым  РОСТЕСТ-МОСКВА   өнімдер  мен  қызметтерді 
сертификаттау жөніндегі органында сертификатталған, Мәскеу 
қаласы.
Сіз сәйкестік сертификатының көшірмесін тауар сатып алынған 
дүкеннен  немесе,  candymow@candy.ru  электрондық 
поштасына сұрау жолдау арқылы алуыңызға болады.
"
"
"
"
"
1.1 Сәйкестік туралы мағлұмдама
1.2. ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТАР
 Бұл аспап шығарылу мақсатына сай ғана қолданылуы тиіс, яғни 
үй  жағдайында  тамақ  дайындау  үшін.  Аспапты  қандай-да  бір 
басқа  мақсат  үшін  қолдану  (мысалы,  бөлмені  жылыту  үшін) 
қолданысқа  сай  емес  деп  саналады,  және  ол  зиян  келтіруі 
мүмкін. 
Аспапты  белгіленген  мақсатқа  сай  қолданбау  барысында 
келтірілген  зиян  үшін,  сонымен  қатар  аспапты  қолдану 
нұсқаулығына  сәйкес  қолданбаған  кезде  өндіруші  кәсіпорын 
жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Электраспаппен жұмыс 
жасау барысында бірнеше негізгі қауіпсіздік сақтау ережелерін 
сақтаған жөн:
-  Қол  жетімді  бөлшектердің  барлығы  аспаптың  жұмыс  істеу 
барысында  қатты  қызатындықтан  абай  болыңыз,  қолыңызды 
тигізбеңіз. 
-  Ашаны  розеткадан  шығару  үшін,  ток  көзінің  сымынан 
тартпаңыз.
- Ылғал немесе су қолмен, не аяқпен духовканы ұстамаңыз.
- Егер жалаңаяқ болсаңыз, онда пешті қолдануға болмайды.
- Бақылаусыз духовканы балалардың немесе ауру адамдардың 
қолдануына жол бермеңіз. 
-  Адаптер, үшайыр немесе ұзартқышты қолданбаған жөн.
-  Духовка  жерге  құлаудың  нәтижесінде  пайда  болған  ахау 
немесе  қарапайым  жұмыс  тәртібінен  ауытқыған  жағдайда 
духовканы  өшіргеніңіз  жөн  және  духовкаға  қолыңызды 
тигізбеңіз.
-  Қуат  бауы  зақымданған  жағдайда,  кейінге  қалдырмай  оны 
ауыстырған  жөн,  ол  үшін  мына  төмендегі  берілгендерді 
орындаңыз:
Клеммалар қорабының қақпағын ашыңыз, қуат бауын ағытыңыз 
да  оны  қажетті  ұзындықтағы  және  аспапты  қуаттылығына 
сәйкес  сыммен  ауыстырыңыз  (сымның  түрлері  HO5RR-F, 
HO5VV-F, HO5V2V2-F). Бұл жұмыс білікті маман арқылы жүзеге 
асырылуы  тиіс.  Жерге  қосу  сымы  (сарғыш-жасыл)  міндетті 
түрде қалған сымдардан 10 мм ұзынырақ болуы тиіс.
Жөндеу жұмыстарын қосалқы бөлшектері бар арнайы қызмет 
көрсету  орталықтарында  жүргізген  жөн.  Жоғарыда  берілген 
ережелерді орындамау  аспапқа зиян келтіруі мүмкін.
Аспаптың  белгілі  техникалық  сипаттамалары  бар,  сондықтан 
оған өзгерістер енгізуге болмайды.
-  Жоғары  қысымды  бумен  тазалағыш  аспаптарын  қолдануға 
болмайды.
-  Духовкаға  жанғыш  заттарды  салуға  болмайды.  Кездейсоқ 
духовканы қосқанда олар өртеніп кетуі мүмкін.
-  Духовканың  есігіне  сүйкенуге  немесе  баланы  отырғызуға 
болмайды.
- Духовкаға ыдысты немесе қосалқы жабдықтарды салу не алу 
үшін арнайы қолғаптарды қолданыңыз.
-  Аспап  физикалық,  сенсорлық  және  сана-сезімі  шектеулі 
(соның  ішінде  балалар)  адамдардың  қолдануы  үшін 
жасалмаған, алайда олар жауапты адамдардың бақылауымен 
ғана қолдана алады.  
- Балалардың духовкамен ойнауына жол бермеңіз.
Духовканың  ішкі  бөлігін  алюмин  фольгамен  немесе 
шаруашылық  дүкендерде  сатылатын  бірқолданыстық 
қаптама  материалдармен  жаппаңыз.  Алюмин  фольгасы 
немесе басқа да қаптама материал ыстық эмальды жермен 
байланысқа  түскенде  ериді  және  эмальды  қаптаманың 
зақымдануына әкеп соқтырады.
(cәйкес ГОСТ МЭК 60335-1-2008)
1.3 ОРНАТУ
Аспапты  орнату  сатып  алушының  есебінен  жүргізіледі. 
Аталмыш қызмет бойынша өндіруші кәсіпорын жауапкершілікті 
өз  мойнына  алмайды.  Орнату  кезіндегі  олқылықтарға 
байланысты  жөндеу  жұмыстарына  кепілдеме  таралмайды, 
және өндіруші кәсіпорын оның құнын толтырмайды. 
Аспапты  орнату  нұсқаулыққа  сәйкес  білікті  маман  арқылы 
жүзеге асырылуы тиіс. Аспапты дұрыс орнатпау, адамдар мен 
жануарларға жарақат әкелуі мүмкін, сонымен қатар мүлікке зиян 
келтіреді,  осы  үшін  өндіруші  кәсіпорын  жауапкершілікті  өз 
мойнына алмайды.
Духовка орнатылатын жиһаз жоғары температураға шыдамды 
материалдан жасалуы тиіс. 
Духовканы  столдың  үстіңгі  тақтайына  да,  бағана  ретінде  де 
орнатуға  болады.  Орнатудан  бұрын:  аспап  орнатылатын 
бөлмеде ауа алмасу үрдісі жақсы болуы керек, бұл аспаптың 
ішкі бөлшектерінің тез сууына және ауаның алмасуына септігін 
тигізеді.  Ол  үшін  арнайы  саңылау  ойластырған  жөн.  (соңғы 
беттен көруіңізге болады).
1.4. АСХАНА ГАРНИТУРЫНА ДУХОВКА
ШКАФТЫ ОРНАТУ.
 
Духовканы  белгіленген  орынға  қойыңыз;  ол  столдың  үстіне, 
сонымен қатар тік шкафқа да орнатылуы мүмкін. Жақтаудағы 
арнайы  бекітетін  саңылау  арқылы  аспапты  бекітіңіз  (соңғы 
беттен көріңіз). Бекіту саңылауын табу үшін, есікті ашып, ішіне 
қараңыз.    Белгіленген  ауа  алмасу  үрдісіне  қол  жеткізу  үшін, 
соңғы беттегі диаграммада берілген параметр және қашықтық 
бойынша  нұсқаулық  мүлткісіз  орындалуы  тиіс.  Назар 
аударыңыз: пісіру тетігі қиыстырылған духовка пештеріне үшін, 
пісіру тетігінің ережелерін қатал сақтау қажет.