Philips AVENT SCF 282/02 Manual Do Utilizador

Página de 80
31
Кіріспе
 Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өнімді www.philips.com/welcome 
веб-торабында тіркеңіз. 
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1  Қақпақ 
2  Қыстырғыштар
3  Себет
4  Тұғыр
5  Бөтелке қуыстары
6  Емізік қуыстары 
7  Сопақ қақпақ ұстағыштары
8  Үлкен шөлмектерге арналған ұялар
9  Сүт сауғыштарға арналған ұялар
Маңызды 
Микротолқынды зарарсыздандырғышты қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын 
мұқият оқып шығып, болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
абайлаңыз
 
-  Микротолқынды пештен алмас бұрын, зарарсыздандырғышты салқындатыңыз. 
Зарарсыздандырғышты жылжытқанда немесе ашқанда абайлаңыз, себебі ішіндегі су әлі де 
ыстық болуы мүмкін.
 
- Зарарсыздандырудан кейін зарарсыздандырғыштың қақпағын бірден алмаңыз, себебі 
шығатын бу өте ыстық болады. Бу күйдіретіндіктен, зарарсыздандыру құралын 
салқындатыңыз. 
 
- Ешқандай қоспасы жоқ суды ғана қолданыңыз.
 
- Зарарсыздандырғышты микротолқынды пешке салғанда, тұғырдың сумен толтырылғанын 
міндетті түрде тексеріңіз.
 
- Ағартқыш немесе басқа химиялық заттарды зарарсыздандырғышқа құймаңыз.
 
- Зарарсыздандырғышқа темір заттар салмаңыз, себебі олар микротолқынды пешті 
зақымдауы мүмкін.
 
- Зарарсыздандырғышты асыра толтырмаңыз, әйтпесе заттар дұрыс зарарсызданбайды.
 
- Тек нәресте шөлмектерін және зарарсыздандырғышқа жарамды басқа заттарды 
зарарсыздандырыңыз. Зарарсыздандырғыштарға жарамды екенін тексеру үшін, 
зарарсызданатын заттардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. 
 
- Бұл зарарсыздандырғыш тек үйде қолдануға арналған.
Ескерту
 
- Балалардың зарарсыздандырғышпен ойнамауын қадағалаған жөн.
 
- Зарарсыздандыруды бастамас бұрын, тұғырдың 200 мл сумен толтырылғанын міндетті 
түрде тексеріңіз.
 
- Қолданған сайын, су суығаннан кейін зарарсыздандырғыштағы барлық қалдық суды төгіңіз. 
 
- Зарарсыздандырғышты тазалар немесе сақтап қояр алдында суытып алыңыз.
 
- Зарарсызданған заттарды ұстамас бұрын, қолыңызды міндетті түрде жуыңыз. 
 
- Зарарсыздандырғышты қатты ыстық жерге немесе күн сәулесі тікелей түсетін жерге 
қоймаңыз.
 
- Зарарсыздандырғышты ыстық бетке қоюға болмайды.
 
- Құрама пешті (гриль функциясы бар) пайдаланған жағдайда, зарарсыздандырғышты салмас 
бұрын пештің немесе гриль функциясының өшірілгенін және суығанын тексеріңіз.
ҚазаҚша