Samsung RB6000KC Нижняя морозильная камера с технологией Space Max™, 344 л Manual Do Utilizador

Página de 200
Казақ  7
Қауіпсіздік т
уралы ақпарат
•  Бірнеше ұялы розеткаға бірнеше құрылғыларды жалғамаңыз. 
Тоңазытқышты әрқашан кернеу параметрі, тоңазытқыштың 
техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеу параметріне 
сай келетін электр розеткасына тек өзін жалғау керек.
-  Сонда құрылғы тамаша жұмыс істейді және үйдегі электр 
желісінің жүктемесінің шамадан тыс артуына, нәтижесінде 
сымдар қызып, өрт шығу қатерінің орын алуына жол 
бермейді.
•  Босап тұрған розеткаға ашаны сұқпаңыз.
-  Электр қатері орын алуы, өрт шығуы мүмкін.
•  Жарылып қалған немесе ұзына бойына нұқсан келген немесе 
екі ұшына қатар зақым келген сымдарды қолданбаңыз.
•  Қорек сымын қатты майыстырмаңыз немесе үстіне ауыр зат 
қоймаңыз.
•  Қорек сымын ешқашан қатты тартпаңыз немесе 
майыстырмаңыз.
•  Қуат сымын майыстырмаңыз немесе байламаңыз.
•  Қорек сымын металл заттың үстіне ілмеңіз, қорек сымының 
үстіне ауыр зат қоймаңыз, қорек сымын заттардың арасына 
қыстырмаңыз немесе құрылғының артындағы орынға 
салмаңыз.
•  Тоңазытқышты жылжытқан кезде, ашаны басып кетпеуге 
немесе бүлдіріп алмауға тырысыңыз.
-  Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Тоңазытқышты ешқашан қорек сымынан тартып ағытпаңыз. 
Әрқашан ашасынан мықтап ұстап, розеткадан тура тартып 
ағытыңыз.
-  Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт шығуы 
және/не электр тогы соғуы мүмкін.
Untitled-11   7
2016-08-19     4:49:42