Samsung RS57K4000SA Manual Do Utilizador

Página de 160
Казақ
48 
Ақаулықты түзету
Тоңазытқышқа қатысты түсініксіз жағдайға кез болсаңыз, әуелі төмендегі кестені қарап, ұсыныстарды 
қолданып көріңіз.
Жалпылама ақпарат
Белгісі
Әрекет
Жұмыс 
істемейді немесе 
салқындатпайды.
•  Қуат сымының дұрыс қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
•  Температура тетігінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Төменірек 
температураға қойыңыз.
•  Тоңазытқышты тура түсетін күн көзінен немесе қызу көзінен алысқа 
қойыңыз. Бұл нұсқау орындалмаса, салқындату қарқынына әсер етуі 
мүмкін.
•  Тоңазытқыш пен артқы және бүйір жақ қабырғалардың немесе шкаф 
арасында жеткілікті орын болуын қамтамасыз етіңіз. Бұл нұсқау 
орындалмаса, салқындату қарқынына әсер етуі мүмкін.
•  Тағам өте көп салынса, тоңазытқыштың желдетуін бөгейді. 
Тоңазытқыштың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оған көп 
тағам салмаңыз.
Тоңазытқыштың 
ішіндегі тағам 
мұздайды.
•  Температураның ең төменгі температураға қойылғанын тексеріңіз. 
Солай болса, жоғары оңтайлы температураға қойыңыз.
•  Ортаның температурасы тым төмен болса осындай жағдай орын 
алады. Жоғарырақ температураны орнатыңыз.
•  Құрамында суы көп тағамның тоңазытқыштың ең суық жеріне немесе 
салқындату саңылауына жақын қойылғанын тексеріңіз. Осылай болса, 
тағамды тоңазытқыштың басқа сөрелеріне ауыстырыңыз.
Шуыл шығады.
•  Тоңазытқыштың орнықты, тегіс жерге қойылғанына көз жеткізіңіз.
•  Тоңазытқыш пен артқы және бүйір жақ қабырғалардың немесе шкаф 
арасында жеткілікті орын болуын қамтамасыз етіңіз.
•  Тоңазытқыштың ішкі немесе астыңғы жағын қоқыстан немесе бөгде 
заттардан таза ұстаңыз.
•  Тоңазытқыштың ішкі жағынан сырылдаған дыбыс естілуі мүмкін, бұл 
түрлі керек-жарақтардың тартылуына немесе ісінуіне байланысты. Бұл 
жүйенің ақауы емес.
Ақаулықты түзету
Untitled-32   48
2016-03-17     6:18:01