Samsung RS57K4000SA Manual Do Utilizador

Página de 160
Казақ 37 
Іске пайдалану
04 Қарқынды мұздату
Power Freeze 
(Қарқынды 
мұздату)
Power Freeze (Қарқынды мұздату) функциясы желдеткішті ең үлкен жылдамдыққа 
қойып, мұздатуды тездетеді. Мұздатқыш бірнеше сағат ең үлкен жылдамдықта 
жұмыс істеп тұрады да, содан кейін алдыңғы температураға қайтады.
•  Power Freeze (Қарқынды мұздату) функциясын қосу үшін 
Power Freeze 
(Қарқынды мұздату) түймесін басыңыз. Диспенсер орнатылған үлгілерде 
түймені 3 секунд басып тұрыңыз. Тиісті индикатор ( ) жанады да, тоңазытқыш 
мұздату үдерісін жеделдетеді.
•  Сөндіру үшін 
Power Freeze (Қарқынды мұздату) түймесін қайта басыңыз. 
Диспенсер орнатылған үлгілерде түймені 3 секунд басып тұрыңыз. Индикатор 
сөнеді де, мұздатқыш алдыңғы температура параметріне оралады.
•  Көп мөлшердегі тағамды мұздату үшін, тағамды мұздатқышқа салу алдында, 
Power Freeze (Қарқынды мұздату) функциясын кемінде 24 сағат қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Power Freeze (Қарқынды мұздату) функциясын қолданғанда, пайдаланылатын 
қуат мөлшері артады. Функцияны пайдаланғыңыз келмесе, сөндіріңіз де, алдыңғы 
температураға қайтарыңыз.
05 Есіктің сигналы
Door Alarm 
(Есіктің сигналы)
Сигналды ескерту беретін етіп орнатуға болады. Есік 2 минуттан артық ашық 
қалса, сигнал естіледі де, ескерту индикаторы қатар жыпылықтайды. Зауыттан 
сигнал қосулы күйде келеді. Сигналды сөндіру үшін 
Door Alarm (Есіктің сигналы) 
түймесін басыңыз. Қосу үшін 
Door Alarm (Есіктің сигналы) түймесін қайта 
басыңыз.
06 Сүзгіні бастапқы қалпына қою (3 сек)
Filter Reset 
(Сүзгіні бастапқы 
қалпына қою)
Сүзгіні ауыстырғаннан кейін сүзгіні қолдану интервалын орнату үшін 
Filter Reset 
(Сүзгіні бастапқы қалпына қою) түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
07 Тоңазытқыш
Fridge (Тоңазытқыш) түймесін тоңазытқыш температурасын орнату немесе Power Cool (Қарқынды 
салқындату) функциясын қосу/сөндіру үшін пайдалануға болады.
Fridge 
(Тоңазытқыш)
Тоңазытқыш үшін салқындату температурасын қолдан реттеуге болады. 
Температура жолағын шарлау және 1 °C (34 °F) және 7 °C (44 °F) аралығындағы 
қажетті температураны таңдау үшін 
Fridge (Тоңазытқыш) түймесін басуды 
жалғастырыңыз.
Untitled-32   37
2016-03-17     6:17:59