Samsung MS23F301TQW Manual Do Utilizador

Página de 160
33
Каз
ақ
Тағам
Мөлшері
Уақыт 
(мин.)
Қоя тұру 
уақыты 
(мин)
Нұсқаулар
Құс еті
Тауықтың кесек 
еттері
500 г
(2 дана)
14½-15½
15-40
Алдымен, тауық еттерінің 
терісі бар жақтарын төмен 
қаратып салыңыз, бүтін 
тауықтың төсін керамика 
табаққа қаратып салыңыз. 
Қанаттарының ұштары 
тәрізді жұқа жерлерін 
алюминий фольгамен 
жабыңыз. Жібітудің орта 
тұсына келгенде аударыңыз! 
Бүтін тауық
900 г
28-30
Балық
Балық филесі
250 г
(2 дана)
6-7
5-15
Мұздатылған балықты 
керамика табақтың ортасына 
салыңыз. Жұқа жерлерін 
қалың жерлерінің астына 
салыңыз. Жұқа жерлерін 
алюминий фольгамен 
жабыңыз. Жібітудің орта 
тұсына келгенде аударыңыз!
400 г
(4 дана)
12-13
Жеміс
Жидек
250 г
6-7
5-10
Жемістерді жалпақ, дөңгелек 
шыны ыдысқа (диаметрі 
үлкен) салыңыз.
Нан
Булочка 
(әрбірі шамамен 
50 г)
2 дана
4 дана
½-1
2-2½
5-20
Булочкаларды дөңгелетіп 
немесе нанды көлденеңінен, 
бұрылмалы табақтың 
ортасына қойылған ас үй 
қағазына салыңыз. Жібітудің 
орта тұсына келгенде 
аударыңыз!
Тост наны/
Сэндвич
250 г
4½-5
Неміс наны 
(бидай + 
қарабидай ұны)
500 г
8-10
АРНАЙЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
САРЫ МАЙДЫ ЕРІТУ
50 г майды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. Пластик қақпақпен жабыңыз.
800 Вт қуатпен 30-40 секунд сары май ерігенше қыздырыңыз.
ШОКОЛАДТЫ ЕРІТУ
100 г шоколадты кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. 
450 Вт қуатпен 3-5 минут шоколад ерігенше қыздырыңыз. Ерітіп жатқанда бір 
немесе екі рет араластырыңыз. Пештен зат аларда пеш қолғабын киіңіз!
ТҮЙІРШІКТЕЛІП ҚАТҚАН БАЛДЫ ЕРІТУ
20 г қатқан балды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз.
300 Вт қуатпен 20-30 секунд бал ерігенше қыздырыңыз.
ЖЕЛАТИНДІ ЕРІТУ
Құрғақ желатин тақталарын (10 г) суық суға 5 минут салып қойыңыз.
Суы сорғыған желатинді кішкене, шыны пирекс ыдысына салыңыз.
300 Вт қуат бойынша 1 минут қыздырыңыз.
Ерітіп болғаннан кейін араластырыңыз.
БЕЗЕНДІРГІШ/ӘРЛЕГІШ ҚОСПА ДАЯРЛАУ (ТОРТ ЖӘНЕ КОНДИТЕР 
ӨНІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН)
Жылдам безендіргіш қоспаларға (шамамен 14 г) 40 г қант және 250 мл суық су 
араластырыңыз. Қақпақ жаппай пирекс шыны ыдысына салып, 3½-4½ минут  
800 Вт қуатпен, безендіргіш қоспа мөлдір болғанша пісіріңіз.  
Пісіріп жатқанда екі рет араластырыңыз.
ТОСАП ҚАЙНАТУ
600 г жемісті (мысалы, аралас жидек) өлшемі сай келетін, қақпағы бар пирекс 
ыдысына салыңыз. 300 г қант салып, жақсылап араластырыңыз.
Бетін жауып 10-12 минут 800 Вт қуатпен пісіріңіз.
Қайнатып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз. Бұрама қақпағы бар тосап 
банкасына тура құйыңыз. Қақпағын 5 минут жауып қоя тұрыңыз.
ПУДДИНГ ҚАЙНАТУ
Пуддинг ұнтағына, өндіруші нұсқауларына сай қант пен сүт қосып (500 мл), 
жақсылап араластырыңыз. Қақпағы бар, жарамды шыны пирекс ыдысын 
қолданыңыз. Бетін жауып 6½-7½ минут 800 Вт қуатпен пісіріңіз.
Қайнатып жатқанда бірнеше рет жақсылап араластырыңыз.
БАДАМ ЖАҢҒАҒЫ ҮЛПЕКТЕРІН ҚЫЗАРТУ
30 г жапырақталып туралған бадам жаңғағын, орташа үлкендіктегі керамика 
табаға біркелкі таратып салыңыз. 3½-4½ минут 600 Вт қуат бойынша қызартып 
жатқанда бірнеше рет араластырыңыз.
Пеш ішіне 2-3 минут қоя тұрыңыз. Пештен зат аларда пеш қолғабын киіңіз!
MS23F301TQW_BW_DE68-04182X-00_KK.indd   33
2/3/2015   7:30:16 PM