Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manual Do Utilizador

Página de 445
Амалдық жүйе мəселелері
419
6.  Ақаулықтарды жою
Жалпы Linux мəселелері
 
Күйі
Ұсынылатын шешімдер
Менің Linux құрылғымда xsane не 
қарапайым сканерлеу бағдарламасы жоқ.
Кейбір Linux жинақтарында, əдепкі сканерлеу бағдарламасы жоқ болуы мүмкін. Сканерлеу 
мүмкіндіктерін пайдалану үшін операциялық жүйемен берілген жүктеу орталығының көмегімен 
сканерлеу бағдарламаларының бірін орнатыңыз (мысалы, Ubuntu үшін Ubuntu Software Center, 
openSUSE үшін Install/Remove Software, Fedora үшін Software).
Сканерді желіде табу мүмкін емес.
Кейбір жинақтарында, қатты брандмауэр орнатылған жəне ол орнату бағдарламасына желілік 
құрылғыларды іздеуге арналған қажетті портты ашуға рұқсат бермейді. Мұндай жағдайда snmp 
22161 портын қолмен ашыңыз немесе құрылғыны пайдаланған кезде брандмауэерді уақытша 
өшіріңіз.
Бір көшірмеден артық басып шығару кезінде 
екінші көшірме басып шығарылмайды. 
Ақаулық CUPS стандартты 'pdftops' сүзгісіндегі мəселеге байланысты Ubuntu 12.04 жүйесінде орын 
алады. Мəселені жаңарту үшін 'cups-filters' бумасын 1.0.18 нұсқасына дейін жаңартыңыз ('pdftops' - 
'cups-filters' бумасының бөлігі).
Басып шығару тілқатысу терезесінде 
сұрыптау параметрінен құсбелгіні алу 
жұмыс істемейді.
Кейбір таратулар үшін GNOME Басып шығару тілқатысу терезесінде сұрыптау параметрін 
басқаруда мəселе бар. Айналма жол ретінде жүйенің басып шығару қызметтік бағдарламасын 
пайдаланып сұрыптау параметрінің əдепкі мəнін False етіп орнатыңыз (Terminal бағдарламасында 
"system-config-printer" пəрменін орындаңыз).
Басып шығару əрқашан екі жақты жұмыс 
істейді.
Ubuntu 9.10 CUPS бумасында екі жақты мəселе орын алды. CUPS бумасын 1.4.1-5ubuntu2.2 
нұсқасына жаңартыңыз.
Принтер жүйенің басып шығару қызметтік 
бағдарламасы арқылы қосылмайды.
Debian 7 жүйесінің 'system-config-printer' бумасындағы ақаулыққа байланысты Debian 7 жүйесінде 
мəселе орын алды (Debian қатені бақылау жүйесіндегі http://bugs.debian.org/cgi-bin/
bugreport.cgi?bug=662813). Принтерді қосу үшін басқа жолды пайдаланыңыз (мысалы, CUPS 
WebUI)