Samsung RT7000K Верхняя морозильная камера с Системой двойного охлаждения, 618 л Manual Do Utilizador
Казақ 5
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Орнатуға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
• Тоңазытқышты ылғалды немесе құрылғыға су тиіп кетуі мүмкін жерге орнатпаңыз.
- Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр тогы соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Бұл тоңазытқышты күн сәулесі тура түсетін жерге не пештің, бөлме қыздырғыштардың немесе басқа
құрылғылардың қызуына тақатып қоймаңыз.
• Бірнеше ұялы розеткаға бірнеше құрылғыларды жалғамаңыз. Тоңазытқышты әрқашан кернеу
параметрі, тоңазытқыштың техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеу параметріне сай келетін
электр розеткасына тек өзін жалғау керек.
электр розеткасына тек өзін жалғау керек.
- Сонда құрылғы тамаша жұмыс істейді және үйдегі электр желісінің жүктемесінің шамадан тыс
артуына, нәтижесінде сымдар қызып, өрт шығу қатерінің орын алуына жол бермейді.
• Босап тұрған розеткаға ашаны сұқпаңыз.
- Электр қатері орын алуы, өрт шығуы мүмкін.
• Жарылып қалған немесе ұзына бойына нұқсан келген немесе екі ұшына қатар зақым келген
сымдарды қолданбаңыз.
• Қорек сымын қатты майыстырмаңыз немесе үстіне ауыр зат қоймаңыз.
• Қорек сымын ешқашан қатты тартпаңыз немесе майыстырмаңыз.
• Қуат сымын майыстырмаңыз немесе байламаңыз.
• Қорек сымын металл заттың үстіне ілмеңіз, қорек сымының үстіне ауыр зат қоймаңыз, қорек сымын
• Қорек сымын ешқашан қатты тартпаңыз немесе майыстырмаңыз.
• Қуат сымын майыстырмаңыз немесе байламаңыз.
• Қорек сымын металл заттың үстіне ілмеңіз, қорек сымының үстіне ауыр зат қоймаңыз, қорек сымын
заттардың арасына қыстырмаңыз немесе құрылғының артындағы орынға салмаңыз.
• Тоңазытқышты жылжытқан кезде, ашаны басып кетпеуге немесе бүлдіріп алмауға тырысыңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Тоңазытқышты ешқашан қорек сымынан тартып ағытпаңыз. Әрқашан ашасынан мықтап ұстап,
розеткадан тура тартып ағытыңыз.
- Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт шығуы және/не электр тогы соғуы мүмкін.
• Бұл құрылғыда тұтанғыш зат толтырылған аэрозоль сауыты тәрізді жарылғыш заттарды сақтамаңыз.
• Бұл құрылғыны қыздырғыштың немесе тұтанғыш материалдың қасына орнатпаңыз.
• Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге орнатпаңыз.
• Бұл құрылғыны қыздырғыштың немесе тұтанғыш материалдың қасына орнатпаңыз.
• Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге орнатпаңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, осы нұсқаулықтағы нұсқауларға сай орналастырып, дұрыс
жерге орнату керек.
• Қуат ашасын розеткаға сымын төмен салбыратып дұрыс жалғау керек.
- Қуат ашасының түп жағын жоғары қаратып жалғасаңыз, қуат сымы қиылып, өрт шығуы немесе
электр тогы соғуы мүмкін.
• Тоңазытқыштың артқы жағының қуат ашасын жаншып немесе бүлдіріп тастамағанын тексеріңіз.
• Орам материалдарын балалардан алыс ұстаңыз.
• Орам материалдарын балалардан алыс ұстаңыз.
- Бала орам материалдарын басына киіп алса, тұншығып мерт болуы мүмкін.
Untitled-19 5
2016-03-16 3:33:09