Samsung WB350F Manual Do Utilizador

Página de 172
Камераға техникалық қызмет көрсету
Қосымшалар
  154
Егер батарея ұқыпсыз немесе дұрыс емес қолданылса, жеке 
жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін. Қауіпсіздік үшін 
батареяны дұрыс қолдануға осы нұсқауларды орындаңыз:
•  Егер дұрыс емес қолданылса, батарея өртенуі немесе жарылуы 
мүмкін. Егер батареяда кез келген деформацияларды, 
бұзылыстарды немесе басқа ақаулықтар байқалса, батареяны 
пайдалануды дереу тоқтатып, қызмет көрсету орталығына 
хабарласыңыз.
•  Тек шынайы, өндіруші ұсынған батареяны зарядтау құралдары 
мен адаптерлерді пайдаланыңыз және батареяны тек 
осы пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған әдістермен 
зарядтаңыз.
•  Батареяны жылыту құрылғыларының жанына орналастырмаңыз 
немесе жазғы уақыттағы жабық көлік іші сияқты өте жылы 
орталарға қоймаңыз.
•  Батареяны шағын толқынды пешке орналастырмаңыз.
•  Батареяны спа салондары немесе душ бөлмелері сияқты ыстық, 
ылғал орындарда сақтауды немесе пайдалануды болдырмаңыз. 
•  Камераны төсек-орын жарақтары, кілемдер немесе 
электрлік көрпелер сияқты тез от алатын беттерде ұзақ уақыт 
қалдырмаңыз. 
•  Камера қосылған кезде оны жабық ортада ұзақ уақыт 
қалдырмаңыз.
•  Алқалар, тиындар, кілттер немесе сағаттар сияқты металл 
нысандарға батарея терминалдарының байланысуын 
болдырмаңыз.
•  Тек өндіруші ұсынған литий-ионды ауыстырмалы батареяларды 
пайдаланыңыз.
•  Батареяны бөлшектемеңіз немесе оны үшкір затпен теспеңіз.
•  Батареяны жоғары қысымда немесе бөлшектеу күшінде 
пайдалануды болдырмаңыз.
•  Батареяны биік орындардан құлату сияқты негізгі әсерлерден 
қорғаңыз.
•  Батареяны 60 °C (140 °F) немесе одан жоғары температураларда 
пайдаланбаңыз.
•  Батареяның ылғал немесе сұйықтықпен байланысуына 
мүмкіндік бермеңіз.
•  Батареяны күн сәулесі, өрт немесе сол сияқты аса жылу 
көздерінде пайдаланбаңыз. 
Қолдану нұсқаулары
•  Батареяны мұқият пайдаланыңыз.
•  Батареяны ешқашан өртте пайдаланбаңыз.
•  Қолдану заңнамалары ел немесе ауданға қарай әр түрлі 
болуы мүмкін. Батареяны барлық жергілікті және федералдық 
заңнамаларға сәйкес қолданыңыз.
Батареяны зарядтау нұсқаулары
Батареяны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған 
әдістермен зарядтаңыз. Егер дұрыс емес зарядталса, батарея 
өртенуі немесе жарылуы мүмкін.