Samsung WB350F Manual Do Utilizador

Página de 172
Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын
Қосымшалар
  157
Оқиға
Ұсынылған түзетулер
Теледидарда 
фотосуреттер 
көрсетілмейді
•  Камераның теледидарға А/Б кабелімен 
дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
•  Жад картасында фотосуреттердің бар 
екендігін тексеріңіз.
Компьютер камераны 
анықтамайды
•  USB кабелінің дұрыс қосылғанын 
тексеріңіз.
•  Камераның қосылғанын тексеріңіз.
•  Қолдау көрсетілетін операциялық жүйенің 
пайдаланылуын тексеріңіз.
Файлдарды тасымалдау 
кезінде камера 
компьютерден 
ажыратылады
Файл тасымалы статикалық электр 
энергиясы арқылы тоқтатылуы мүмкін.  
USB кабелін ажыратып, қайта қосыңыз.
Компьютер арқылы 
бейнелерді ойнату 
мүмкін емес
Кейбір бейнені ойнату бағдарламаларында 
бейнелерді ойнату мүмкін емес. Камерамен 
қамтылған бейне файлдарын ойнату үшін 
компьютердегі i-Launcher бағдарламасы 
арқылы орнатуға болатын Multimedia Viewer 
бағдарламасын пайдаланыңыз.
Оқиға
Ұсынылған түзетулер
i-Launcher бағдарламасы 
дұрыс жұмыс істемейді
•   i-Launcher бағдарламасын тоқтатып, 
бағдарламаны қайта іске қосыңыз.
•   i-Launcher бағдарламасы параметрлер 
мәзірінде Қосулы күйіне орнатылғанын 
тексеріңіз. (140-б.)
•   Компьютер сипаттамалары мен ортасына 
байланысты бағдарлама автоматты түрде 
іске қосылмауы мүмкін. Бұндай жағдайда 
Windows компьютерінде Бастау → Барлық 
бағдарламалар → Samsung → i-Launcher 
 Samsung i-Launcher пәрменін басыңыз. 
(Windows 8 үшін Іске қосу экранын ашып, 
All apps (Барлық бағдарламалар) → 
Samsung i-Launcher пәрменін таңдаңыз.) 
Болмаса, Mac OS компьютерінде 
Applications (Бағдарламалар) → Samsung 
 i-Launcher пәрменін таңдаңыз.
ТД немесе компьютер 
microSDXC жад картасында 
сақталатын фотосуреттер 
мен бейнелерді көрсете 
алмайды.
microSDXC жад карталарында exFAT 
файл жүйесі пайдаланылады. Камераны 
құрылғыға қоспас бұрын сыртқы 
құрылғының exFAT файл жүйесімен 
үйлесімді екендігін тексеріңіз.
Компьютер microSDXC 
жад картасын 
анықтамайды.
microSDXC жад карталарында exFAT файл 
жүйесі пайдаланылады. microSDXC жад 
карталарын Windows XP компьютерінде 
пайдалану үшін Microsoft веб-торабынан 
exFAT файл жүйесінің драйверін жүктеп 
алыңыз әрі жаңартыңыз.