Samsung WB350F Manual Do Utilizador

Página de 172
Параметрлер немесе мәзірлер таңдау
Негізгі функциялар
  33
•  
Экрандағы элементті түрткенде немесе сүйрегенде, түссіздену пайда 
болуы мүмкін. Бұл ақаулық болмағанымен, сенсорлы экранға тән 
сипаттама. Түссізденуді азайту үшін ақырын түртіңіз немесе сүйреңіз.
•  
Сенсорлы экран камера аса ылғалды орталарда қолданылғанда дұрыс 
жұмыс істемеуі мүмкін.
•  
Сенсорлы экран экранды қорғау таспасы немесе басқа аксессуарлар 
экранға қолданылса, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•  
Шолу бұрышына байланысты экран күңгірт көрінуі мүмкін. Жарықтықты 
немесе шолу бұрышын жақсарту үшін ажыратымдылықты реттеңіз.
Түрту қимылдарын үйрену
Экранды түрту үшін қаламдар немесе қарындаштар секілді істік заттар 
қолданбаңыз. Экранды зақымдап алуыңыз мүмкін.
Түрту: мәзірді немесе параметрді 
таңдау үшін белгішені түртіңіз.
Апару: зкрандағы бір аймақты 
түртіп тұрып, саусақпен сүйреңіз.
Шерту: саусақпен экран бойымен 
ақырын шертіңіз.