Samsung WB350F Manual Do Utilizador
Файлдарды жіберу үшін Samsung Link пайдалану
Сымсыз желі
135
Samsung Link қолдауы бар құрылғыларда
фотосуреттерді немесе бейнелерді қарау
1
Режимді таңдау дискісін w күйіне бұраңыз.
2
→ Маңайдағы құрылғылар таңдаңыз.
• Егер нұсқаулық хабары пайда болса, OK таңдаңыз.
• Камера ең соңғы қосылған қатынас нүктесі құрылғысы арқылы
WLAN желісіне автоматты түрде қосылуға әрекет жасайды.
• Егер камера бұрын WLAN желісіне қосылмаған болса, ол қол жетімді
қатынас нүктесі құрылғыларын іздейді. (115-б.)
• [m] басып және экрандағы DLNA кіру мүмкіндігін
басқару таңдап, тек таңдалған құрылғылардың немесе барлық
құрылғылардың қосылуын теңшеуге болады.
• Ортақтасу файлдарының тізімі жасалады. Басқа құрылғылар
камераны тапқанша күтіңіз.
3
Samsung Link құрылғысын желіге қосып, Samsung Link
мүмкіндігін қосыңыз.
• Қосымша ақпарат алу үшін құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз.
4
Камерада Samsung Link құрылғысының камераға қосылуына
рұқсат беріңіз.
5
Samsung Link құрылғысында қосылатын камераны таңдаңыз.
6
Samsung Link құрылғысында ортақтасқан фотосуреттерді
немесе бейнелерді шолыңыз.
• Камераны іздеу және Samsung Link құрылғысында фотосуреттерді
немесе бейнелерді шолу туралы ақпарат алу үшін құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
• Samsung Link құрылғысының түріне немесе желі күйіне қарай
бейнелер бірқалыпты ойнатылмауы мүмкін. Егер бұл орын алса,
бейнені 640 X 480 немесе кішілеу сапада қайта жазып, оны қайта
ойнатыңыз. Егер бейнелер сымсыз қосылым арқылы құрылғыда
бірқалыпты ойнатылмаса, камераны дыбыс/бейне кабелімен
құрылғыға жалғаңыз.
Қатынас нүктесі
▲ Камера WLAN арқылы Samsung Link қолдауы бар теледидарға
жалғанады.