Samsung WW4100K, Стиральная машина с функцией Steam Wash, 7 кг Manual Do Utilizador

Página de 172
Іске пайдалану
Казақ
36 
Іске пайдалану
Кешіктіріп аяқтау 
Кір жуғыш машинаны, кір жууды кейін автоматты түрде аяқтау үшін, кешіктіріп аяқтау уақытын 1-тен 
бастап 24 сағат (1 сағаттық қадаммен) аралығында таңдауыңызға болады. Дисплейдегі уақыт жуу 
циклінің аяқталу уақытын көрсетеді.
1.  Циклды таңдаңыз. Содан кейін қажет болса цикл параметрлерін өзгертіңіз.
2.  Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) түймесін қажетті аяқтау уақыты орнатылғанша қайта-қайта басыңыз.
3.  Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.
Кешіктіріп аяқтау индикаторы жыпылықтап, егер циклдың салмақты анықтау функциясы бар болса, 
кір жуғыш машина кірдің салмағын анықтау үшін барабанды айналдырады. Аяқталған кезде таймер 
жұмыс істеп тұрады және орнатылған уақыт көрсетіледі.
4.  Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) параметрін болдырмау үшін Қуат түймесін басып кір жуғыш машинаны 
қайта іске қосыңыз.
Шынайы өмір көріністері
Екі сағаттық циклды осыдан 3 сағат өткенде аяқтағыңыз келеді. Бұл үшін қазіргі 3 сағаттық параметрі 
бар циклға Кешіктіріп аяқтау опциясын қосып, 
Бастау/Үзіліс түймесін 14:00-де басыңыз. Сонда не 
болады? Кір жуғыш машина 15:00-де жуа бастап, 17:00-де аяқтайды. Төменде осы мысалдың уақыттары 
көрсетілген.
14:00
Кешіктіріп аяқтауды 3 сағатқа қойыңыз
15:00
Бастау
17:00
Аяқтау
Untitled-3   36
2016-11-15     5:49:05