Panasonic TH-65PF20 Guia De Utilização

Página de 24
4
Қауіпсіздік шаралары
 Плазмалық дисплейді пайдалану барысында
Плазмалық дисплей 220 - 240 В айнымалы ток, 50/60 Гц сипатты қуат көзінен жұмыс істеуге жасақталған.
Желдету тесіктерін бекітпеңіз.
• Олай ету плазмалық дисплейді қыздырып жіберуі ықтимал, ол - өртке не плазмалық дисплейдің зақымдалуына 
апарып соғуы мүмкін.
Плазмалық дисплейге ешбір бөтен затты тықпаңыз.
• Желдету тесіктеріне ешбір металл немесе тұтанғыш заттар кіргізбеңіз жəне плазмалық дисплейге түсіріп 
алмаңыз, себебі бұл - өртке не ток соғуға апарып соғуы мүмкін.
Жабынын алып тастамаңыз жəне ешқалай өзгертпеңіз.
• Плазмалық  дисплей  ішінде  айтарлықтай  ток  соқтыруы  ықтимал  жоғары  кернеу  бар.  Кез  келген  тексеріс, 
бейімдеу жəне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жергілікті Panasonic делдалына хабарласыңыз.
Штепсель ашасының жеңіл қол жетімділігін тексеріңіз.
CLASS I құрылымды аппарат қауіпсіз жерлік жалғауы бар желілік розеткаға жалғануы керек.
Құрылғымен бірге берілген электр шнурынан басқасын пайдаланбаңыз.
• Керісінше жағдайда өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
Электр шнурының штепселін байқап барынша терең енгізіңіз.
• Егер штепсель толығымен енбесе, жылу бөлініп, өртке апарып соғуы мүмкін. Егер штепсель немесе розетка 
зақымдалған болса, оларды пайдаланбау керек.
Электр шнурының штепселін ылғал қолмен ұстамаңыз.
• Керісінше жағдайда ток соғуы мүмкін.
Электр  шнурын  зақымдауы  мүмкін  əрекеттер  жасамаңыз.  Электр  шнурын  ажыратқанда  шнурдан  емес,  штепсельден 
ұстаңыз.
• Шнурды зақымдамаңыз, ешқандай өзгертуге ұшыратпаңыз, үстіне ауыр заттар қоймаңыз, қыздырмаңыз, ыстық 
заттар жанына қоймаңыз, бұрамаңыз, шамадан тыс майыстырмаңыз жəне созбаңыз. Керісінше жағдайда 
өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін. Электр шнуры зақымдалған болса, жергілікті Panasonic делдалына 
жөндеттіріңіз.
Егер плазмалық дисплей алдағы ұзақ уақытқа қолданылмайтын болса, электр шнурының штепселін 
қабырға розеткасынан ажыратыңыз.
Өрт таралуының алдын алу үшін шамдарды немесе басқа ашық от көздерін əрқашан теледидардан 
аулақ ұстаңыз. 
 Пайдалану барысында ақау пайда болса
Ақау пайда болса (кескін немесе дыбыстың жоғалып кетуі сияқты) немесе плазмалық дисплейден түтін 
немесе иіс шыға бастаса, электр шнурының штепселін бірден қабырға розеткасынан ажыратыңыз.
• Егер плазмалық дисплейді осы күйінде пайдалануды жалғастырсаңыз, бұл - өртке не ток соғуға алып келеді. 
Түтін шығуы тоқтағанына көз жеткізген соң, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті Panasonic делдалына 
хабарласыңыз. Плазмалық дисплейді өз бетінше жөндеу аса қауіпті, сондықтан ешқашан оған бармаңыз.
Егер плазмалық дисплей ішіне су немесе бөтен заттар кіріп кетсе немесе плазмалық дисплей құлап 
қалса əлде корпус зақымданса, электр шнурының штепселін бірден ажыратыңыз.
• Қысқа тұйықталу орын алуы мүмкін, ол өз кезегінде өртке немесе ток соғуға апарып соғуы ықтимал. Қажетті жөндеу 
жұмыстарын іске асыру үшін жергілікті Panasonic делдалына хабарласыңыз.