Philips Table grill HD4419/20 HD4419/20 Ficha De Dados

Códigos do produto
HD4419/20
Página de 80
қысқаштары секілді құралдарды қолданбаңыз, себебі олар грильдеу табақшаларының 
жабыстырмайтын жалатылмасына зақым тигізеді.
Грильдеп жатқан тамақты тым жиі аудара бермеңіз. Тамағыңыз екі жағынан да қоңыр 
болғанда, оны төменірек температурада пісіріңіз, сонда сіз оларды кеуіп кетуден сақтап, 
теп тегіс етіліп пісуін қамтамасыз етесіз.
Егер сіз мұздатылған тамақты еріткіңіз келсе, оны фольгаға орап, температура бақылауын 3 
немесе 4 ұстанымына орнатыңыз. Тамақты анда санда аударып тұрыңыз. Мұздан еріту 
уақыты тамақтың салмағына байланысты болады.
Сіз сатай, тауық, шошқа немесе сиыр етінен тамақ жасасаңыз, алдымен оны ең жоғарғы 
температурада шыжғырыңыз (5 ұстаным). Егер қажет болса, сіз температура бақылауын бір 
деңгей төмендетіп, тамағыңыз дайын болғанша грильдесеңіз болады.
Сіз сатай немесе кебаб жасап жатқан болсаңыз, бамбук немесе ағаш шампурларын алдын 
ала суға жібітіп алғаныңыз дұрыс, сонда оларды күйіп кетуден сақтайсыз. Метал 
шампурларды қолдануға болмайды.
Шұжықтардан гриль жасағанда олар әдетте жарылып кетеді. Оны болдырмас үшін, оның 
бірнеше жерінен шанышқымен тесік жасап қойсаңыз болады.
Қунақы ет мұздатылған немесе мұздан ерітілген етке қарағанда тиімді гриль жасау 
мүмкіндігін береді. Етке ол әбден грильденіп болғанша тұз салмаңыз. Бұл еттің шырынын 
арттырады. Ең тиімді нәтиже үшін, кескен ет кесектерін тым жуан еместігін тексеріңіз 
(шамамен 1.5 см).
Бұл гриль нан қоқымдарына аунатылған тамақтарды грильдеуге жарамайды.
Тазалау
Ешқашан қырушы немесе аггресивті агенттерді және материалдарды қолданбаңыз, себебі
олар тамақтың жабыстырылмауы үшін жасалған бетке зиян келтіруі мүмкін.
 1 
Температура бақылауын ‘off’ (сөндірулі) ұстанымына қойыңыз.
  
Құралды тоқтан суырып, оны суытып алыңыз.
  
Термостат бөлігін құралдан суырып алыңыз (Cурет 8).
  
Термостат бөлігін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Термостат бөлігі мен тоқ сымын суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
 5 
Грильдеу табақшаларын тазалар алдында оның бетіндегі артық майды ас үй қағазымен
сүріп алыңыз.
 6 
Грильдеу табақшаларын негізінен оның ұстағыштарынан ұстап көтеріп
алыңыз. (Cурет 9)
Есте сақтаңыз: Егер термостат бөлігі әлі де болса құралда орнатулы болса, онда сіз грильдеу 
табақшаларын ала алмайсыз. 
 7 
Грильдеу табақшаларын кішкене тазалағыш сұйықтық құйылған суда бес минуттай
жібітіңіз немесе кішкене лимон шырынын шашыратыңыз. Осының арқасында жабысып
қалған тамақ қалдықтары мен май жылдам кетеді.
 8 
Тамшылар жинайтын ілегенді негізінен сырғытып суырып алыңыз (Cурет 10).
Есте сақтаңыз: Тамшылар жинайтын ілеген негізінен тек бір жолмен ғана сырғытылып 
суырылады.
 9 
Негізін және тамшылар жинайтын ілегенді дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
-
-
-
-
-
-
ҚазаҚша