Philips BT6600B/12 Manual Do Utilizador
12 KK
8 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
•
Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде
мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веб-
бетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips
компаниясына хабарласқанда, құрылғының
жақында болуын және үлгі нөмірі мен
сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз
етіңіз.
Жалпы ақпарат
Қуат жоқ
• Құрылғының АТ қуат штепселінің дұрыс
қосылғанын тексеріңіз.
• АТ розеткасында қуаттың бар екендігін
тексеріңіз.
• Динамикті зарядтаңыз.
Дыбыс жоқ
• Осы өнімде дыбыс деңгейін реттеңіз.
• Қосылған құрылғыда дыбыс деңгейін
реттеңіз.
• Bluetooth құрылғысының тиімді жұмыс
ауқымында екенін тексеріңіз.
Динамиктен жауап жоқ
• Ашаны ажыратып, қосыңыз да, динамикті
қайтадан қосыңыз.
• Динамикті зарядтаңыз.
/ /MULTIPAIR түймесін басқанда
динамиктен жауап жоқ
• Көрсету режимінен шығу үшін /
/MULTIPAIR түймесін 15 секунд басып
тұрыңыз.
Bluetooth құрылғысы туралы
Bluetooth функциясы қосылған құрылғымен
байланыс орнағаннан кейін дыбыс сапасы
нашар.
• Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы өнімге жақын орналастырыңыз
немесе олардың арасындағы барлық
кедергілерді алып тастаңыз.
Жұптастыру үшін құрылғыда [Philips
BT6600] құрылғысы табылмады.
• PAIRING түймесін үш секунд бойы
басып тұрыңыз, содан кейін әрекетті
қайталаңыз.
Құрылғыға қосылу мүмкін емес.
• Құрылғының Bluetooth функциясы
қосылмаған. Функцияны қосу жолдарын
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
• Бұл өнім басқа Bluetooth функциясын
қолдайтын құрылғымен қосылып
қойылған. Бұл құрылғыны ажыратып,
әрекетті қайталаңыз.
Жұпталған құрылғы тұрақты қосылып,
ажырайды.
• Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы өнімге жақын орналастырыңыз
немесе олардың арасындағы барлық
кедергілерді алып тастаңыз.
• Кейбір құрылғыларда Bluetooth
қосылымы қуатты үнемдеу мүмкіндігі
ретінде автоматты түрде ажыратылуы
мүмкін. Бұл өнімнің бұзылғанын
білдірмейді.