Справочник Пользователя для Philips 22PFH4109/88

Скачать
Страница из 74
Location (Орын) параметрі Home (Үй) деп орнатылғанын
тексеріңіз. Бұл режимде параметрлерді өзгертуге және
сақтауға болады.
Коммерциялық баннер пайда болады
 
 
Location (Орын) параметрі Home (Үй) деп орнатылғанын
тексеріңіз.
Сурет экранға сыймайды
 
 
Басқа сурет пішіміне өзгертіңіз. 
 түймесін басыңыз.
Әр түрлі арналарда сурет пішімі өзгеріп отырады
 
 
«Auto» (Автоматты) емес сурет пішімін таңдаңыз.
Суреттің орны дұрыс емес
 
 
Кейбір құрылғылардан келетін сурет сигналдары экранға
дұрыс сыймауы мүмкін. Қосылған құрылғының сигнал
шығысын тексеріңіз.
Компьютердің суреті тұрақты емес
 
 
Компьютер қолдау көрсетілетін ажыратымдылықты және
жаңарту жиілігін пайдаланатынын тексеріңіз.
Дыбыс
Дыбыс жоқ немесе дыбыстың сапасы нашар
 
 
Егер аудио сигнал анықталмаса, теледидар аудио шығысын
автоматты түрде өшіреді: ол бұрыс жұмыс істеуді
білдірмейді.
- Дыбыс параметрлері дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
- Барлық кабельдер дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
- Дыбыс өшірілмегенін немесе нөл мәніне орнатылмағанын
тексеріңіз.
- Теледидардың дыбыс шығысы үй кинотеатры жүйесіндегі
аудио кіріске қосылғанын тексеріңіз. 
HTS динамиктерінен дыбыс естілуі керек.
- Кейбір құрылғылар HDMI аудио шығысын қолмен қосуды
қажет етуі мүмкін. Егер HDMI аудиосы қосылып қойылған
болса, бірақ аудионы әлі де естімесеңіз, құрылғының аудио
пішімін PCM (Pulse Code Modulation) деп өзгертіп көріңіз.
Нұсқауларды құрылғымен бірге келген құжаттамадан
қараңыз.
Байланыстар
HDMI
 
 
- HDCP (жоғары өткізу жиілігі бар сандық мазмұнды қорғау)
қолдау теледидарда HDMI құрылғысынан келетін мазмұнды
көрсету үшін кететін уақытты кідірте алатынын ескеріңіз.
- Егер теледидар HDMI құрылғысын танымаса және сурет
көрсетілмесе, көзді бір құрылғыдан екіншісіне және қайтадан
кері ауыстырыңыз.
- Егер үзік-үзік дыбыс үзілістері болса, HDMI құрылғысының
шығыс параметрлері дұрыс екенін тексеріңіз.
- Егер HDMI-DVI адаптерін немесе HDMI-DVI кабелін
пайдалансаңыз, қол жетімді болса, AUDIO IN (тек шағын
ұяшық) ұясына қосымша аудио кабель жалғанғанын
тексеріңіз.
EasyLink жұмыс істемейді
 
 
- HDMI құрылғылары HDMI-CEC үйлесімді екенін тексеріңіз.
EasyLink мүмкіндіктері тек HDMI-CEC үйлесімді
құрылғыларда жұмыс істейді.
Дыбыс деңгейінің белгішесі көрсетілмейді
 
 
- HDMI-CEC аудио құрылғысы қосулы кезде бұл әрекет
қалыпты болып табылады.
USB құрылғысындағы фотосуреттер, бейнелер және музыка
көрсетілмейді
 
 
- USB жад құрылғысы жад құрылғысының құжаттамасында
сипатталғандай сыйымды жад дәрежесімен үйлесімді деп
орнатылғанын тексеріңіз.
- USB жад құрылғысы теледидармен үйлесімді екенін
тексеріңіз.
- Теледидар аудио және сурет файлы пішімдерін
қолдайтынын тексеріңіз.
USB файлдарын үзік-үзік ойнату
 
 
- USB жад құрылғысының тасымалдау өнімділігі теледидарға
деректерді тасымалдау жылдамдығын шектеп, нашар
ойнатуды тудыруы мүмкін.
15.2
Тіркеу
Теледидарды тіркеп, әртүрлі артықшылықтарды, соның
ішінде толық қолдауды (жүктеулерді қоса), жаңа өнімдер
туралы ақпарат алу, арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер,
сыйлықтар ұтып алу және тіпті жаңа өнімдер туралы арнайы
сауалнамаларға қатысу мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
www.philips.com/welcome торабына өтіңіз. 
15.3
Анықтама
Бұл Теледидар экранда анықтама береді.
Анықтама бөлімін ашу
 
 
1. Басты мәзірді ашу үшін 
 түймесін басыңыз.
2. 
Help (Анықтама) тармағын таңдап, OK пернесін басыңыз.
 
UMv 410012140209 - 20140318
68