Инструкции Пользователя для LG H955

Скачать
Страница из 490
21
Маңызды ескерту
Телефон батареясының жұмыс мерзімін ұзарту:
Пайдаланбаған кезде радио байланыстарын өшіріңіз. Егер
Wi-Fi, Bluetooth немесе орынды анықтау қызметтерін (соның
ішінде, GPS) пайдаланбаған жағдайда өшіріңіз.
Экранның жарықтығын азайтып, экранның сөнетін мерзімін
қысқартыңыз.
Gmail, Күнтізбе, Контактілер және басқа қолданбалардың
автоматты қадамдастырылу мүмкіндігін ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Сіз жүктеп алатын кейбір қолданбалар батарея қуатын тұтынуы мүмкін.
Жүктеп алынған қолданбаларды пайдаланғанда, батареяның зарядталу
деңгейін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: құрылғы қалтаңызда жүргенде байқаусызда «Қуат/Құлып» 
түймесі басылып кетсе, экран батарея қуатын үнемдеу үшін автоматты
түрде өшеді.
3.  Бастапқы коды ашық қолданбаны және 
амалдық жүйені орнату алдында
АБАЙЛАҢЫЗ!
Өндіруші ұсынғаннан басқа амалдық жүйені орнатсаңыз және
пайдалансаңыз, телефон жұмысында ақаулық пайда болуы мүмкін.
Бұған қоса, телефон кепілдігі жарамсыз болады.