Справочник Пользователя для Zanussi OPZA4210X

Скачать
Страница из 68
Барлық керек-жарақтардың
үстіңгі оң және сол жақтарында,
қауіпсіздікті арттыру үшін
шығыңқы элементтер салынған.
Шығыңқы тұстар құралдардың
аударылып қалуына жол
бермейтін қауіпсіздік құралдары
болып табылады.
Сөренің биік жиектемесі
ыдыстардың сырғып кетуіне жол
бермейтін сақтық құралы болып
табылады.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автоматты түрде қосылады.
Ақыл-кеңес
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кестелердегі температура мен
пісіру уақыттары тек нұсқау
ретінде беріледі. Олар
рецептерге, олардың құрамының
сапасы мен мөлшеріне
байланысты болады.
Жалпылама ақпарат
• Құрылғының сөре қоюға арналған төрт
деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін
құрылғының астыңғы жағынан бастап
санаңыз.
• Құрылғы ауа айналдыратын және буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйенің көмегімен тағамды булы
ортада, ішін жұмсақ, сыртын кітірлек
етіп пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты
мен пайдаланылатын қуат мөлшерін
барынша азайтады.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны
панельдеріне бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғының есігін ашу қажет болса,
әрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту
үшін құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын
ылғалды жерлерін тазалаңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және тағам пісіріп жатқан
кезде құрылғының ешбір бөлшектерін
алюминий жұқалтырмен жаппаңыз.
Себебі пісіру нәтижесіне әсер етіп,
пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі
мүмкін.
Торт пісіру
• Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
• Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
10
www.zanussi.com