Справочник Пользователя для Zanussi ZOG511211X
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
•
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
•
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
•
Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-салған кезде
үнемі қолғап киіңіз.
•
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
•
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
•
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
•
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі
сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
•
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен сақтандыру
үшін оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға
тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған:
KZ RU UA
Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті маман
ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
• Құрылғыны корпустың төменгі
қақпағынсыз іске пайдаланбаңыз. Бұл
функциональдық қауіпсіздік үшін қажет.
• Құрылғы электрлі салқындату жүйесімен
жабдықталған. Ол электр қуатымен
жұмыс істеуге тиіс.
www.zanussi.com
3