Справочник Пользователя для Zanussi OPZB2300C

Скачать
Страница из 68
• Құрылғының металл беттерін тазалау
үшін әдетте қолданылатын жуғыш
заттарды пайдаланыңыз.
• Құрылғының ішкі жағын пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз. Май
жиналғанда немесе басқа тағам
қалдығы жиналса, өрт шығуы мүмкін.
Гриль табағында бұндай қауіп одан да
күшті.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
• Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған құрылғылар
Тұмшапештің есігін дымқыл
жөкемен ғана тазалаңыз.
Жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе
түрпілі материалдарды
қолданбаңыз, себебі бұндай
заттар тұмшапештің бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де
осындай сақтық шараларды
орындап тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау
• Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жапы ақпаратты
қараңыз.
Сөре сырғытпаларын алу
Тұмшапешті тазалау үшін сөре
сырғытпалары.
Сөре
сырғытпасының
алдыңғы жағын
қабырғадан тартып
шығарыңыз.
1
2
1
Сырғытпа
жолдардың артқы
жақтарын
қабырғадан ағытып
алыңыз.
2
Сөре сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Сумен тазалау
Сумен тазалау функциясы тағамның
қалдықтары мен қалдық майларды
тұмшапештен бумен тазалайды.
1. Тұмшапештің астыңғы жағындағы
сумен тазалауға арналған сауытқа 300
мл құйыңыз.
2.
 функциясын орнатыңыз.
3. 90 °C градус температураны
орнатыңыз.
4. Құрылғыны 30 минут қосып қойыңыз.
5. Құрылғыны сөндіріп, суығанша
қойыңыз.
6. Құрылғы салқындаған кезде
тұмшапештің ішкі бетін шүберекпен
тазалаңыз. 
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Құрылғыны ұстамай тұрып,
оның суығанына көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қатері
бар.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігі екі шыны панельден
тұрады. Тұмшапештің есігі мен ішкі шыны
панелін алып тазалауға болады.
Ішкі шыны панельді тұмшапештің
есігін алмай тұрып алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі
жабылып қалуы мүмкін.
www.zanussi.com
17