Справочник Пользователя для Zanussi OPZB2300C

Скачать
Страница из 68
Сағат функциялары
Аналогты таймер
Таймер келесі функциялармен
жабдықталған:
• Тәулік уақыты
• Минут операторы + Пісіруді аяқтау
A
B
C
A) Терезе
B) Диск
C) Параметрлер тетігі
Тәулік уақытын орнату
Тәулік уақытын орнату үшін параметрлер
тетігін басып, сағат тілінің бағытына қарсы
(көрсеткі бағытымен), сағаттың тілдері
қажетті орынға келгенше бұраңыз.
Параметрлер тетігін сағат тілінің
бағытымен бұрамаңыз.
Уақытты орнатып болғаннан кейін,
параметрлер тетігін өз орнына қайтарыңыз
немесе абайлап кері тартыңыз.
Қалыпты параметр 
Параметрлер тетігін сағат тілінің бағытына
қарсы, терезеде   пайда болғанша
бұраңыз. Осы қалыпта тұрған кезде
құрылғыны қолмен басқара аласыз. Минут
операторы + Пісірудің соңы функциясы
сөніп тұр.
Минут операторы + Пісіруді аяқтау
Тұмшапеш функциясының автоматты
түрде сөнетін уақытын орнату үшін
пайдаланыңыз. Ең көбі 180 минут уақытты
қоюға болады.
Бұл функцияны пісіру
барысында қадағалап отыруды
немесе араластыруды қажет
етпейтін тағамдарды дайындау
үшін ғана пайдаланыңыз.
Параметрлер тетігін сағат тілінің бағытына
қарсы, терезеде   пайда болғанша
бұраңыз. Осы қалыпта тұрған кезде,
құрылғыны сөндіргеннен кейін дыбыстық
сигнал естілмейді.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Параметрлер тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы, диск терезесінде
қажетті сөндіру уақыты (минут
бойынша) көрсетілгенше бұраңыз.
Кері санақ басталады. Уақыт аяқталған
кезде дыбыстық сигнал естіледі. Құрылғы
сөнеді.
8
www.zanussi.com