Справочник Пользователя для Zanussi ZDP7202PZ

Скачать
Страница из 48
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған.
Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар.
Егер қуат ашасының сақтандырғышын
ауыстыру қажет болса 13 амперлік ASTA
(BS 1362) сақтандырғышын пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
ПАЙДАЛАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп
қалу және өрт қаупі, құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
• Толтырмасы бар немесе ішіне нәрсе
салынған, нұқсан келген заттарды
кептірмеңіз.
• Кір кептіргіште кептіруге болатын
маталарды ғана кептіріңіз. Матаның
затбелгісіндегі нұсқауларды орындаңыз.
• Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,
кептірер алдында қосымша шаю циклын
орындаңыз.
• Конденсат/тазартылған суды ішпеңіз, оны
тағам дайындау үшін пайдаланбаңыз.
Себебі адамдар мен жануарлардың
денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін.
• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе
үстіне шығып тұруға болмайды.
• Суы сорғалап тұрған киімдерді кір кептіргіш
машинада кептірмеңіз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып
қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
5