Справочник Пользователя для Zanussi ZBB928441S

Скачать
Страница из 36
Әдетте орташа суықтықты
таңдаған дұрыс.
Дегенмен, дәл мәнді құрылғының
ішіндегі температураның төмендегі
жағдайларға тәуелді болатынын
ескеріп таңдау керек:
• бөлме температурасы,
• есіктің қаншалықты жиі
ашылатыны,
• сақталатын тағамның мөлшері,
• құрылғы орналасқан жер.
1. Суықтықты азайту үшін температура
тетігін суықтың төменгі деңгейіне қарай
бұраңыз.
2. Суықтықты жоғары деңгейге қою үшін
температура тетігін суықтың максимум
деңгейіне қарай бұраңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Егер бөлме
температурасы жоғары болса не
тағам тоңазытқыш ішіне толтыра
салынса және құрылғы төменгі
температурада тұрса, құрылғы
үздіксіз жұмыс жасап оның
қабырғасына қырау тұруы мүмкін.
Бұндай жағдайда тетікті жоғары
температураға қойып, құрылғы
мұзын қуатты көп шығындамай,
өздігінен еріп кетуіне мүмкіндік
беру қажет.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ПЕШТІҢ ІШІН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны ең алғаш пайдалану алдында, іші
мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап
бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуып,
ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Жуғыш заттарды
немесе жеміргіш ұнтақтарды
қолданбаңыз, себебі бұндай
заттар құрылғының қаптамасын
бүлдіреді.
ЕСІКТІҢ СӨРЕЛЕРІН ОРНАЛАСТЫРУ
Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды
орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі
биіктікке қоюға болады.
1. Сөрені көрсеткі бағытымен біртіндеп
орнынан алынғанша тартыңыз.
2. Қажетінше басқа деңгейге салыңыз.
2
1
3
ЖЫЛЖЫМАЛЫ СӨРЕЛЕР
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қалауыңызша орналастыруға арналған
бірнеше бағыттауыш бар.
Ауаның дұрыс айналуын
қамтамасыз ету үшін, көкөніс
салынатын суырманың бетіндегі
шыны сөрені алмаңыз.
ЖАҢА ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен
тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ
уақыт сақтауға жарайды.
Жаңа тағамдарды мұздату үшін параметрдің
орташа мәнін өзгерту қажет емес.
Дегенмен, тағамды жылдамырақ мұздату үшін
барынша суық температураны орнатқыңыз
келсе, температура тетігін ең жоғары мәнге
бұраңыз.
5