Справочник Пользователя для Electrolux EKG 951109 W

Скачать
Страница из 68
4. Жалын пайда болғанда, тұмшапеш
функциясының тетігін газ
ағысының ең үлкен деңгейіне
қойып, термореле қызғанша 15
секунд немесе одан аз уақыт
басып ұстап тұрыңыз.
Тұмшапеш
функцияларының тетігін 15
секундтан артық басып
тұрмаңыз. Егер пештің
оттығы 15 секундтан кейін
жанбаса, тұмшапеш
функцияларының тетігін
босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да,
тұмшапештің есігін ашып,
кем дегенде 1 минуттан
кейін тұмшапештің
оттығын тағы бір рет жағып
көріңіз.
8.4 Тұмшапештің газ оттығын
тұтатқаннан кейін
1. Тұмшапеш функциясының тетігін
босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
3. Қажетті қыздыру параметрін
орнату үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін бұраңыз.
Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер
арқылы бақылаңыз.
8.5 Тұмшапештің оттығын
сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына
бұраңыз.
8.6 Грильді қолдану
Гриль температурасын
өзгерту мүмкін емес.
Төменірек температураға
немесе баяу пісіру
уақытына қою үшін гриль
табасын жалыннан
алыстатып төмен түсіріңіз.
Грильді қолдану алдында гриль
дефлекторын (A) есіктің үстіңгі
жағындағы орынға салыңыз. Екі
бекітпенің тұмшапеш корпусының
(басқару панелінің астыңғы жағы)
алдыңғы жақтауының үстіңгі
жағындағы тесіктерге дұрыс кірігіп
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
A
Етті науаға немесе табақ
үстіне тура қоймаңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Етті сөренің ең үстіңгі
қатарына қоймаңыз. Өрт
шығу қаупі бар.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Тетікті барынша шегіне
дейін бұраңыз. Сөндіру
мен Гриль қалыптарының
ортасына қалдырмауға
тырысыңыз. Осы аралық
қалыптарға қойған кезде
тұтату тетігі іске қосылып
тұрады.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Газ пешінің басқару тетігін гриль
қалпына   қойыңыз. Тетікті
басып, шамамен 15 секунд басқан
қалпы ұстап тұрыңыз. Оны жалын
пайда болғанша босатпаңыз. 
www.electrolux.com
14