Справочник Пользователя для Philips HD 6103

Скачать
Страница из 124
49
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
A  Қуыратын себет
B  Қақпақ
C  ’MIN’ және ‘MAX’ көрсеткіштері
D  Ток сымын сақтау бөлігі 
E  Тоқ сымы
F  Бірыңғай тұтқа
G  Бөлек сандық таймер 
H  Қосу/өшіру түймесі 
I  Температураны бақылаушы
J  Алдын-ала тазалау функциясы
K  Температура шамы 
L  Қақпақты шешетін тұтқа
M  Ішкі ыдыс
N  Құйатын құрал
O  Май құятын ыдыс
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта 
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
 
- Электір бөлшектері бар негізді және қыздыру элементін ешқашан суға батырмаңыз 
немесе ағын су астында шаймаңыз.
абайлаңыз!
 
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес 
келетінін тексеріп алыңыз.
 
- Штепсельдік ұшы, ток сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
 
- Ток сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет 
көрсету орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі 
бар мамандар алмастыру керек.
 
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану 
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі 
аз адамдардың (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
 
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
 
- Ток сымын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Құрал тұрған беттің немесе 
үстелдің шетінен ток сымы салбырап тұрмауы тиіс. 
 
- Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
 
- Қуырып жатқанда, ыстық бу фильтр арқылы шығады. Қолдарыңыз бен бетіңізді қауіпсіз 
қашықтықта ұстаңыз. Сонымен бірге, қақпақты ашқан кезіңізде де ыстық будан сақ 
болуыңыз керек.
 
- Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару құралымен 
басқарылмайды.
Ескерту
 
- Тексеру немесе жөндету үшін, құралды тек Philips компаниясы мақұлдаған қызмет 
орталығына апарыңыз. Құралды өзіңіз жөндеген жағдайда, кепілдік өз күшін жояды.
ҚазаҚша