Справочник Пользователя для Samsung VC 21 K 5130 VB

Скачать
Страница из 84
Қазақша 5
Д
АЙЫНДЫҚ
•  Шаңсорғышты сіріңкені, ыстық күлді немесе темекі тұқылын тазалау үшін 
қолданбаңыз. Шаңсорғышты пештен және басқа қызу көздерінен алыс 
ұстаңыз. Қызудың әсерінен құрылғының пластик бөліктерінің өңі кетуі немесе 
деформациялануы мүмкін.
•  Қатты, өткір заттарды шаңсорғышпен тазаламаңыз, себебі шаңсорғыштың 
бөлшектеріне нұқсан келтіруі мүмкін.
•  Түтікшелер жинағын аяқпен баспаңыз. Түтікшеге салмақ салмаңыз.
•  Ауа соратын немесе шығаратын саңылауларын бітемеңіз.
•  Шаңсорғыштың ашасын тоқтан суырмай тұрып, корпусындағы тетігін басып 
сөндіріңіз. Шаң сауытын тазалар алдында ашаны розеткадан суырыңыз. 
Құрылғыға нұқсан келтірмеу үшін, оны сымынан тартпай, ашасын қысып ұстап 
суырыңыз.
•  Құрылғыны қауіпсіздік ережелерімен танысқан жасы 8-ге толған балалар мен 
ересектер, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі жеткіліксіз 
тұлғалар, құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса 
немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалана алады. Балаларға 
құрылғымен ойнауға тыйым салынған. Балаларға ересектердің бақылауынсыз 
тазалауға және құрылғыны жөндеуге тыйым салынған.
•  Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
•  Құрылғыны тазалау немесе оған күтім көрсету жұмыстарын жүзеге асыру үшін 
ашаны розеткадан суыру керек.
•  Ұзартқыш сымды қолдану ұсынылмайды.
•  Егер шаңсорғыш дұрыс жұмыс істемей тұрса, тоқтан ажыратып, уәкілетті 
қызмет көрсету маманына хабарласыңыз.
•  Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші 
немесе өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.
•  Шаңсорғышты түтігінен ұстап алып жүрмеңіз. Шаңсорғыштың корпусындағы 
тұтқасынан ұстаңыз.
•  Шаңсорғыш қолданылмай тұрған кезде тоқтан суырыңыз. Тоқтан суырар 
алдында қуат тетігін сөндіріңіз.
 
3_VC5100_KK_00744G-00_CIS.indd   5
2016-05-17   오후 2:29:49